KEGOC акциялары AIX-те саудалана бастады
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстандағы электр желілерін басқаратын «KEGOC» АҚ («KEGOC») компаниясының AIX ресми тізіміне енгенін қуана хабарлайды. Компания акциялары «KEGC» тикерімен саудаланады, және теңгемен есеп айырылысады.
AIX алаңында SPO-ға Tabys қосымшасындағы тікелей жазылым функциясы мен жергілікті банктердің қосымшалары арқылы 2,2 млрд теңгеге өтінім түсті, бұл жалпы өтінімдердің 54% құрайды.
AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова былай деп атап өтті:
«KEGOC — бұл ішкі нарыққа арналған дивиднедтік құнды қағаз. Оның қазақстандық инвесторлар арасында жоғары сұранысқа ие болуының себебі — инфрақұрылымдық компаниялар тұрақты, оларға сыртқы экономикалық факторлардың әсері шамалы. Қазақстан азаматтары үшін бұл SPO – ұлттық электр желілілері операторының акционері болуға таптырмас мүмкіндік.
Біз жеке инвесторларға ұлттық компаниялардың жекешелендіруіне қатысудың ең оңай тәсілін ұсындық, ол — Tabys қосымшасы және банктермен онлайн интеграция. SPO KEGOC кезінде жеке инвесторлардан рекордтық өтінім келіп түсті — 2,2 млрд теңгеге 11 мың өтінім».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz