Ірі компаниялар Қазақстанда гендерлік теңдікке жетуде АХҚО-ны қолдады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форум бастамасының ұлттық үйлестірушісі ретінде IV Қазақстандағы ауыл әйелдерінің форумына қатысты. Форум барысында гендерлік теңдік тұрғысынан ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі мәселесі талқыланды.  

Бастаманың мемлекеттік серіктестері ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Шара аясында ДЭФ-ның Қазақстандағы «Closing the Gender Gap» бастамасына Coca-Cola Қазақстан және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қосылу туралы хатқа қол қою салтанаты өтті. Бастаманың тең төрағалары ретінде компаниялар әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, оларды қаржыландыру көздеріне, білім алуға, ковидтен кейінгі еңбек нарығында жетекші лауазымдарға қол жеткізуде АХҚО-ға қолдау көрсетеді.

Қазіргі таңда АХҚО елдегі гендерлік жағдайды жүйелі талдау жұмыстарын аяқтап қалды. Алдағы үш жылдық жұмыс жоспарын дайындау үшін нәтижесін бастаманың тең төрағаларына таныстырады. 

 

 Анықтамалық ақпарат:

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». https://aifc.kz/

AIFC AI assistant