Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.