АХҚО соты, Халықаралық төрелік орталығы және Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ЕВРОБАК) Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды

Қол қою рәсімі Astana Finance Days форумы кезінде өткізілген жалпы дөңгелек үстел шеңберінде болып өтті. Дөңгелек үстелдің отырысын ХТО және АХҚО соты аппаратының Басшысы және Тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза ашты және оған АХҚО сотының Төрағасы Лорд Вульф, ХТО Төрағасы Барбара Доманн ханым, Қазақстандағы Еуропа делегациясының Басшысы және Елшісі, ЕВРОБАК-тың құрметті мүшесі Свен-Олов Карлссон мырза және ЕВРОБАК Атқарушы директоры Юлия Куссиди ханым қатысты.

Куссиди ханым былай деп түсіндірді:

«АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының ерекше маңыздылығын ескере отырып, олармен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуы – ЕВРОБАК үшін үлкен мәртебе болып табылады. Біз келешекте арамыздағы ынтымақтастықтың әрі қарай жалғасын табатынына сенеміз».

Кэмпбелл-Холт мырза да былай деді:

«АХҚО соты мен ХТО біршама уақыт бойы ЕВРОБАК-пен ойдағыдай жұмыс жасап келеді және біз әрі қарай ынтымақтасуды көздейтін Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылғанына өте қуаныштымыз. Еуропалық инвесторлар АХҚО тарапынан дауларды шешу бойынша үздік халықаралық стандарттардың қолданылуымен аса жоғары сападағы қызметтердің ұсынылатынына сенімді бола алады».

Дөңгелек үстел аясында еуропалық компаниялар мен дипломатиялық миссиялардың жоғары шенді өкілдеріне АХҚО соты мен ХТО туралы және олардың қызметтерін пайдалану туралы көбірек білу мүмкіндігі ұсынылды.

Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ЕВРОБАК) – Қазақстандағы Еуропаның іскерлік топтарын өкілдейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қауымдастық Еуропа Одағының Қазақстанда жұмыс істейтін және инвестициялар салуды жүзеге асыратын компаниялары мен Еуропа комиссиясы Делегациясының бастамасы бойынша 1999 жылы құрылды.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz 

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады. 

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады. 

AIFC AI assistant