Жасыл қаржы орталығының жаңа стратегиялық серіктесі
Нұр – Сұлтан, 29 Қыркүйек, 2021 ж. – Радий Хабиров бастаған Башқұртстан Республикасының делегациясы Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында “Астана” Халықаралық Қаржы Орталығында болды.
Делегация өкілдері АХҚО органдарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. “AIFC Green Finance Centre Ltd.” Бас директоры Қазыбаев А.К. және Халықаралық Технологиялық Даму Қорының Директоры Куликов В. Г. жақын арада стратегиялық серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қою мүмкіндігін талқылады.
Аталған келісім сараптама арқылы және Жасыл қаржы орталығы әзірлеген таксономияға сәйкес Қазақстан мен Ресей Федерациясында жасыл технологияларды енгізуге Халықаралық Технологиялық Даму Қорының қаражатын тартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тараптар ESG қағидаттарына ауысатын өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаржылық-технологиялық қолдау бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлейді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
“Халықаралық Технологиялық даму қоры” – Ресей Федерациясының Үкіметі 2019 жылғы 21 қарашада құрды. Қордың құрылтайшылары-Ресей Федерациясының Үкіметі және Халықаралық экономикалық ынтымақтастық банкі. Қордың қаржы ресурстары Ресейдің жасыл экономикасын дамытуға жүйелі әсер ететін озық өнеркәсіптік технологиялар трансферінің жобаларын іске асыруға бағытталады.