Chapter Zero Kazakhstan АХҚО-да ресми түрде өз жұмысын бастады
28 наурызда АХҚО алаңында Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаған Сlimate Governance Initiative-тің жаһандық бастамасы шеңберінде Chapter Zero Kazakhstan компаниясы ресми іске қосылды. Бастаманың миссиясы – қазақстандық компаниялар мен қаржы институттарының жоғары басшылығын энергияға көшу стратегиясында белсенді болуға шақыру.
Chapter Zero Kazakhstan Жаһандық желінің 31-ші филиалы болып саналады. Енді ол Қазақстанды қоса әлемнің 72 елін қамтуда. Қазақстандық филиалды тіркеу үшін олар АХҚО юрисдикциясын таңдаған болатын. Өз кезегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларына корпоративтік мәселелерді реттеудің икемділігін, Англия мен Уэльс құқығының қағидаттары мен прецеденттері және жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттары негізінде әзірленген ережелер мен нормалардың сапалы жиынтығын қоса алғанда, бірқатар тиімді артықшылықтарды ұсынады.
Қазақстандағы филиал АХҚО, ЕҚДБ (EBRD), McKinsey, KPMG және Назарбаев Университетін қоса алғанда, бірқатар серіктестермен ынтымақтасып жұмыс істейді. АХҚО Chapter Zero Kazakhstan Директорлар кеңесі мен Қамқоршылық кеңесіне серіктес ретінде қызметтің негізгі салалары бойынша стратегиялық кеңес бере отырып, климаттық қаржы саласында сараптамалық қолдауын көрсететін болады.
Астанада бөлімшенің ашылуына орай ұйымдастырылған іс-шарада INSEAD бизнес мектебімен бірлесіп Қазақстан мен Орталық Азия үшін Корпоративтік басқару бағдарламасының жобасы жарияланды.
Chapter Zero Қазақстан бастамашыларының бірі Гүлзада Шакуликова:
«Өнеркәсіп, қаржы, бизнес иелерінің климат өзгеруінің салдарын алдын алуға немесе оны жұмсартуға белсенді әрі ынталы түрде қатысуы үлкен мәнге ие деп санаймыз. Қазақстан тұрақты болашаққа қол жеткізуді мақсат етеді және бүгінгі бастама осы жолдағы маңызды қадам болып саналады», — деп атап өтті.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов:
«Жасыл қаржы АХҚО дамуының ең маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болып белгіленді. Біз АХҚО Жасыл қаржы орталығы негізінде тақырыптық облигациялар эмитенттерін қолдауды қоса алғанда, климаттық қаржы нарығын дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі бастама бизнесті декарбонизация жөніндегі күн тәртібімен байланыстыратын тағы бір көпір болады деп сенеміз», — деп пікірін білдірді.
Анықтама үшін: 2023 жылғы қарашада «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өз қызметін Сlimate Governance Initiative жарғысына сәйкес жүзеге асыратын Chapter Zero Kazakhstan компаниясы тіркелген болатын, ол Қазақстанда CGI қағидаттарын енгізудің лицензиялық құқығына ие мекеме болып табылады. Chapter бұл бизнес басшыларын, директорлар кеңесінің мүшелерін, мемлекеттік органдарды, институционалдық инвесторларды, ғалымдарды және басқа да мүдделі тараптарды біріктіруге арналған негізгі платформа, ол өз кезегінде корпоративтік басқару және энергияға көшу саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.