«Astana Finance days 2021» конференциясында «Open Banking: Халықаралық кейстер және Қазақстан нарығының талдауы» талқыланды
«Astana Finance Days 2021» халықаралық қаржы конференциясы аясында «Open Banking: Халықаралық кейстер және Қазақстан нарығының талдауы» нарықтық зерттеу сессиясы өтті.
Сессияда сарапшылар ашық банкингті дамытудың артықшылықтары мен негізгі драйверлерін, әлемдегі реттеушілік тәсілдерді, банктер мен серіктес сервистердің өзара іс-қимылының практикалық тәжірибесін талқылады, сондай-ақ «Open Banking: Халықаралық кейстер және Қазақстан нарығының талдауы» нарықтық зерттеуінің нәтижелерін таныстырды.
Ашық банкингтің нарықтық зерттеуін АХҚО Masterсard-пен бірлесіп жергілікті банктер мен финтех компания арасында жүргізілген сауалнама негізінде дайындады. Сарапшылар API қолданудың әлемдік және қазақстандық тәжірибесіне талдау жасап, осы тәсілді пайдаланудың неғұрлым перспективалы сценарийлері мен стратегияларын анықтады, нормативтік реттеу және стандарттау мәселелері қозғалып, дамудың кедергілері айқындалды.
Нарықтық зерттеуге сәйкес ашық банкингті дамытудың негізгі мақсаттары қосымша табыс алу мүмкіндігі (45%), клиенттердің қанағаттануын арттыру (45%), сондай-ақ қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру (45%) болып табылады.
Қатысушылардың 90%-дан астамы реттеушіден осы саладағы стандарттар мен ұсынымдарды әзірлеуді күтуде. Қатысушылардың 36%-ы енгізу барлық қатысушылар үшін бір мезгілде болуы тиіс екенін, ал 28%-ы енгізу кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс деп санайды.
Шоттарды басқару (73%), сондай-ақ төлемдер мен аударымдар (36%) Open Banking-ті пайдаланудың ең сұранысқа ие сценарийлері болып саналады.
Нарықты зерттеу https://fintech.aifc.kz/reports/ сілтемесі бойынша қолжетімді.
Mastercard Қазақстандағы Data&Services даму жөніндегі директоры Павел Кондрашев:
«Open Banking нарықтың түрлі қатысушылары үшін көптеген мүмкіндіктер аша алады. Бүкіл әлемде әр түрлі елдер осы тұжырымдаманың дамуын әр түрлі қолдайды. Mastercard көптеген нарықта осындай ортаны құруға қатысады. Ол үшін біз банктерді және қажетті ақпаратпен алмасу үшін үшінші тараптарды тартамыз. Біздің бірлескен зерттеулеріміз Қазақстандағы серіктестерімізге көбірек ақпарат алуға және осы бағыттағы ең перспективалы сценарийлер мен даму стратегияларын анықтауға көмектеседі деп сенеміз».
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндетіне ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету кіреді. www.aifc.kz
АХҚО Финтех хабы – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу нүктесі. АХҚО-да финтехтің дамуы стартаптарды, корпоративтік инновацияларды, венчурлік капитал нарығын қолдау бағдарламаларын, финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді тестілеуге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген қағидалар мен реттеушіні қамтиды. http://www.fintech.aifc.kz/
Masterсard (NYSE: MA) – төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Миссиясы – қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қолжетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, барлығына және барлық жерде артықшылық беретін цифрлық экономиканы дамыту және нығайту. Қауіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып, серіктестік құрып, шабыттандыратын нәрсеге сүйене отырып, адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтер мен бизнеске өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдер ұсынады. Олардың мәдениеті мен компания ішінде және одан тыс жерде не істейтінінің бәрі өнегелілік коэффициентіне (decency quotient, DQ) сәйкес анықталады. Олар 210-дан астам ел мен аумақта бизнес жүргізеді және барша адамға баға жетпес мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құруда.