Otan Private Bank Ltd өз лицензиясын кері қайтарып алды
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) Otan Private Bank Ltd депозиттерді қабылдау, несие беру, несиелік линия бойынша кеңестер беру, несиелік линияны ұйымдастыру және қаржы қызметін көрсету бойынша реттелетін қызмет лицензиясын өз еркінше қайтарып алуына келісім берді.
AFSA-ның лицензияға ие тұлғаларға қоятын негізгі принциптерінің бірі (10-шы Принцип – клиенттердің активтері мен қаржысы), егер Лицензияға ие тұлға Клиенттерге тиесілі қаржы мен активтерді сақтауға тиісті жағдайда жауапкершілікке ие болса және оны бақылауында ұстаса, онда Лицензияға ие тұлға өзі мойнына алған міндеттемелерге сәйкес, ол активтерді және қаржыны тиісінше қорғауға міндетті.
Бұл тұрғыда, AFSA клиенттердің қаржысы мен депозиттері Банктің лицензиясы қайтарылып алынғанға дейін клиенттерге толықтай қайтарылғанына көз жеткізді.
Банк өз лицензиясын қайтарып алғаннан кейін (енді OPB Ltd ретінде), АХҚО-да холдингтік компания ретінде қызмет атқаратын Жеке компания болып тиісті қайта тіркеуден өтті.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 74 елден 1900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
email: [email protected]