Қырғызстандағы халықаралық форум қатысушылары дағдарыстан кейінгі кезеңде АХҚО мүмкіндіктерінің көмегімен бизнес ортаны сауықтыру жайын талқылады

«АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов «ЕО – Орталық Азия» халықаралық экономикалық форумы мен «Еурапо Одағы мен Орталық Азия арасындағы бизнес серіктестік» бизнес форумға қатысты.

Шара барысында Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасында жасыл экономика, цифрландыру және экономиканы дағдарыстан кейін сауықтыру үшін жаңа бизнес ортаны қалыптастыру саласында ынтымақтастықты дамыту талқыланды.

Форумға ЕО мүше мемлекеттері мен Орталық Азия елдері, халықаралық қаржы институттары мен халықаралық ұйым өкілдері және экономикалық сарапшылар қатысты. Олардың арасында Еуропа комиссиясының Президенті Урсула фон дер Лейен (онлайн), Еуропа Комиссиясының экономика және сауда мәселесі бойынша атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис, ЕО-ның Орталық Азиядағы Арнайы өкілі Терхи Хакала және өзге де лауазымды тұлғалар болды.

Сапар барысында АХҚО-ның тұрақты жобаларға инвестиция тарту мәселесі, Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің сауда-экономикалық әлеуетін іске асыру, адам капиталын дамыту және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Ернұр Рысмагамбетов, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы: 

«АХҚО инвестиция тарту, экспорт-импорт саудасын дамыту мен Орталық Азия елдерінде жаңа жобаларды бастауға, сонымен қатар бұрын-соңды нарықта болмаған жаңа идеялар мен шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еуропалық Одақ елдері АХҚО-ны Орталық Азия өңірі мен Еуропалық инвесторлар мен серіктестер арасын байланыстыратын экономикалық алаң ретінде пайдалана алады».

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам»Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». aifc.zuweb.co