Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ернұр Рысмағамбетов «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ернұр Рысмағамбетов Бүркітбайұлы 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келген.

{img}

Калифорния технология университеті мен Лондон университеттік колледжінің түлегі, қаржы аналитигі маманы (CFA Charterholder).

2017-2019 аралығында АХҚО Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (AIFC BCPD) директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

Бұрындары JP Morgan Chase инвестициялық банкі мен Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясының аналитикалық бөлімдерінде еңбек етті.

2017 жылы «100 жаңа есім» жобасының бірінші толқынына енді.

2020 жылы Президенттік жастар кадр резервінде екінші орын алды.


 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды.

2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.

Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». 

АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/

AIFC AI assistant