Катарлық бизнес өкілдеріне АХҚО артықшылықтары ұсынылды

Катар мемлекетінің мәртебелі Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылған Қазақстан – Катар инвестициялық форумы барысында Катар бизнесінің өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО, Орталық) артықшылықтары ұсынылды.

Осы күндері Қазақстан астанасында өткен халықаралық іс-шаралар шеңберінде АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Катардың ресми және бизнес-делегацияларымен, атап айтқанда, Катар қаржы орталығының, Катар қор биржасының және инвестициялар тарту жөніндегі ведомствоның Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылатын сауда және индустрия Министрімен шейх Мұхаммед бен Хамад Әл-Танимен кездесулер өткізді.

АХҚО Әкімшілігінің Басқарма төрағасы Е. Рысмағамбетов өз сөзінде Англия мен Уэльс құқығы қағидаттарына негізделген Орталық юрисдикциясының бірегейлігін атап өтті. Ол қазақстандық модель әлемнің жетекші қаржы орталықтары қызметінің озық тәжірибесін енгізгенін атап өтті. АХҚО-ны құруға «нөлден» ұқсас орталықтарды құруда табысты тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар тартылды.

АХҚО-да Сот және Халықаралық төрелік орталығы, АХҚО Биржасы, Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөнідегі комитеті, АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Тех Хаб, Экспат орталығы, АХҚО Бюросы және т. б. өз қызметін жүзеге асырады.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін АХҚО және оның Органдары Катар тарапымен тығыз байланыс орнатуда, онда орталық банктер, қаржы орталықтары, қаржы нарықтары мен қызметтерін реттеушілер ведомстволары, қор биржалары, сондай-ақ екі мемлекеттің банктері ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар, Тараптар 2022 жылы бірқатар маңызды құжаттармен толықтырылған сенімді шарттық-құқықтық база негізінде қатынастарды дамытуды жалғастыруға дайын екендігі атап өтілді. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз және маусым айларында екі қаржы орталығының ведомстволары, сондай-ақ АХҚО Биржасы (AIX) мен Катар қор биржасы (WSE) арасында нақты өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаластықтар жасалды.

Сонымен қатар, Катар көшбасшысының Астанаға сапары қарсаңында АХҚО басшысы «Qatar News Agency» (QNA) Катар мемлекеттік Жаңалықтар агенттігіне жан-жақты сұхбат берді, онда Катар мемлекеті мен оның қаржы институттарының екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығындағы маңызды рөлін атап өтті. Бірқатар катарлық және қазақстандық басылымдар Қазақстан-Катар қатынастарын кеңінен жариялап, АХҚО мен оның ұйымдарының екі елдің екіжақты ынтымақтастығындағы белсенділігін атап өтті.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant