АХҚО Жасыл қаржы орталығының өкілдері Белдеу мен Жолға арналған Жасыл инвестициялар қағидаттары (GIP) жөніндегі өңірлік бастаманы ілгерілету үшін Бішкек қаласына іс сапарды жүзеге асырды

2021 жылғы 6-8 қыркүйек аралығында АХҚО делегациясының құрамында Жасыл қаржы орталығы Бішкек қаласына (Қырғызстан) барып, онда мемлекеттік органдардың, Қырғызстан банктер Одағының өкілдерімен бірқатар кездесулер, сондай-ақ тұрақты қаржы саласында ынтымақтастықты жолға қою және GIP бойынша өңірлік бастаманы ілгерілету мақсатында Оптима банкпен, РСК, Бакай Банкпен жекелеген кездесулер өткізді.

Ағымдағы жылдың маусым айында Жасыл қаржы орталығы Орталық Азиядағы GIP өңірлік кеңсесіне айналғанын атап өткен жөн. Осы кеңсенің жұмысы шеңберінде GFLP бағдарламасы арқылы қаржы институттарының әлеуетін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу, жасыл жобаларды әзірлеушілерге GIP платформасы арқылы әлеуетті инвесторларды іздеуде жәрдемдесу және өңірде тұрақты қаржыландыру ауқымын кеңейту жоспарлануда.

{img}

Бішкек қаласында өткен кездесулердің қорытындысы бойынша Қырғызстан банктер одағымен тұрақты қаржы саласында білім беру іс-шараларын өткізу, бизнесті ынталандыру және Ұлттық жасыл таксономияны әзірлеу бөлігінде тәжірибе алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тақырыптық инвесторларды тарту үшін Қырғыз Республикасы Инвестициялар министрлігінің Жасыл жобаларын GIP дерекқорына енгізу мүмкіндігі пысықталатын болады.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

Жасыл облигациялар нарығын дамыту, сондай-ақ биржаға қатысушылар үшін ESG-есептілікті енгізу бөлігінде тәжірибе алмасу үшін Қырғыз қор биржасымен келіссөздер жүргізілді.

AIFC AI assistant