АХҚО-ға Пәкістан Үкіметінің өкілдері келді
Инвестициялар жөніндегі кеңестің Федералды министрі бастаған Пәкістан делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО, Орталық) барды. Делегацияны АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қарсы алды.
Делегация құрамында Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі, өнеркәсіп және өндіріс министрі, мұнай министрі, сауда министрі, байланыс министрі және т. б. болды.
Сапар барысында қонақтар жалпы құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген АХҚО-ның ерекше құқықтық режимімен, қолданылатын салықтық преференциялармен және визалық жеңілдіктермен, сондай-ақ юрисдикция артықшылықтарымен және Орталықтың жетістіктерімен танысты.
Делегацияға АХҚО Органдары мен ұйымдары – Биржаның, Соттың және Халықаралық төрелік орталықтың, қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніңдегі комитетінің, Тех Хаб, Жасыл қаржы орталығының және т. б. жұмыстары ұсынылды.
Сапар қорытындысы бойынша екіжақты кездесу өтіп, оның шеңберінде бірлескен жобаларды дамыту арқылы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.