Реттелетін қоғамдастық КЖ/ТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының Заңына және КЖҚІ жөніндегі нұсқаулыққа түзетулерге арналған вебинарға қатысты

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) уәкілетті тұлғалар үшін заңсыз жолмен алынған кірісті жылыстатуға (КЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы заңға таяуда енгізілген түзетулерге қатысты вебинар өткізді. Вебинарға ақшаны жылыстатумен күресу мақсатында қадағалануға жататын реттелетін фирмалар қатысты.

Сессияны уәкілетті фирмалар, уәкілетті нарық институттары және FinTech Lab қатысушыларынан 50-ге жуық қатысушы тыңдады. Вебинар КЖ/ТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының Заңына және AFSA 2020 жылғы 21 мамырда бекіткен КЖҚІ жөнінде нұсқаулықтың элементтеріне түзетулерге арналды. AFSA АХҚО-ның КЭҚІ қағидаларына сәйкес КЖҚІ үшін қадағалануға жататын АХҚО қатысушыларына қолданылатын 50 жаңа норманы анықтады. Тиісті АХҚО қатысушыларына қатысты негізгі және оларға байланысты түзетулер, сондай-ақ ішкі бақылау, КЖ/ТҚҚІ тәуекелдерін басқаруды қамтитын КЖҚІ нұсқаулығының бағдарламалары және КЖҚІ бойынша тренингтерге қойылатын талаптар сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Вебинар барысында Уәкілетті тұлғалар өз саясаттарына, басқару құралдары мен КЖҚІ рәсімдеріне енгізуі керек КЖҚІ бойынша нұсқалықтың талаптары қарастырылды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникациялар бөліміне хабарласуды сұраймыз.

AIFC AI assistant