ЕАЭО елдері үшін Жасыл қаржы орталығының тәжірибесі мен қолдау құралдарын масштабтау
2021 жылғы 12 қарашада АХҚО Жасыл қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен «ЕАЭО елдерінің «жасыл экономикаға» көшуін қолдау үшін орнықты қаржыландыру құралдары» тақырыбында вебинар өткізді.
АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев вебинардың модераторы ретінде инвестиция тарту және қаржыландыру құралдарын қолдану парниктік газдар шығарындыларын азайту мен көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.
ЕЭК сауда жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Андрей Слепнев және АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қайрат Әйтекенов құттықтау сөз сөйледі.
Вебинарға FC4S, “Белдеу және Жол” бастамасы үшін жасыл инвестициялар Қағидаттары, ЕАДБ, ЕАЭО қатысушы елдерінің өкілдері, сондай-ақ климаттық күн тәртібін дамытумен айналысатын Қазақстан институттары сияқты халықаралық ұйымдар мен Даму банктерінің өкілдері қатысты.
Сессия спикерлері тұрақты қаржыландыруды дамыту үшін жол карталарын әзірлеу, жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару, квоталар саудасы жүйесін енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті және жасыл қаржыландырудың негізгі құралдарын, жасыл жобаларға арналған критерийлерді, осы саладағы халықаралық бастамаларды, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің “жасыл экономиканы” дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастығын дамыту жолдарын талқылады.
Вебинар жазбасы https://youtu.be/V4m07x7w578 сілтемеде арқылы қол жетімді болады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz