Сингапур делегациясы АХҚО қызметімен танысты

Қазақстан Республикасына АӨСШК-нің 6-шы Саммитіне қатысу үшін келген Сингапур делегациясы Премьер-министр Кеңсесінде министр, екінші Сыртқы істер министрі және екінші Білім министрі Доктор Мохамад Малики Бин-Осман бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі-АХҚО, Орталық) қызметімен танысты. Делегацияны АХҚО Басқарушысы қарсы алды. Қайрат Келімбетов орталықтың юрисдикциясында 27 сингапурлық компания тіркелгенін атап өтті.

Сапар барысында қонақтарға АХҚО органдары — АХҚО Биржасы, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – АХҚО Соты және ХТО), Қаржы қызметтер көрсетуді реттеу жөніңдегі комитетінің жұмысы ұсынылды.

Сингапур өкілдері юрисдикцияның артықшылықтары мен Орталықтың жетістіктері туралы хабардар болып, АХҚО өнімдерімен танысты. Сондай-ақ, делегацияға АХҚО Соты мен ХТО және сингапурлық Crimson Logic IT-компаниясымен бірлесіп әзірленген – «eJustice» электрондық сот төрелігі жүйесі ұсынылды.

«eJustice» – бұл тараптарға АХҚО Сотына және ХТО-ға әлемнің кез келген нүктесінен Астанада физикалық қатысудың қажеттілігінсіз электрондық түрде талап-арыз беруге мүмкіндік беретін онлайн-портал. Портал сот ісін жүргізу және заң құжаттарын электрондық өңдеу процестерін басқаруға көмек көрсетеді. Бұл даму Орталық Азия өңірі үшін бірінші болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту туралы уағдаласты.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. АӨСШК — Азия мен жаһандық әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық арасындағы тікелей байланысты түсінуге негізделген форум. Мүше мемлекеттер БҰҰ Жарғысына адалдықтарын растай отырып, Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке Азиядағы ортақ бөлінбейтін қауіпсіздікке әкелетін диалог пен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады деп санайды. https://www.s-cica.org/ru

AIFC AI assistant