Пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру жолындағы әлеуметтік облигациялар
Екінші Еуразиялық конгресс аясында Еуразиялық даму банкі, АХҚО Жасыл қаржы орталығы және Қазақстан Тұрғын Үй компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар Қазақстан Тұрғын Үй компаниясының жасыл және әлеуметтік облигацияларының шығарылымын Astana International Exchange биржа алаңында дайындау және орналастыру бойынша күш-жігерлерін бірлестіріп жұмыс атқаруға келісті.
Әлеуметтік облигациялар – түсімдері әлеуметтік жобаларға бағытталатын облигациялар.
Әлеуметтік облигацияларды шығару шеңберінде Еуразиялық даму банкі андеррайтер, қаржылық кеңесші және инвестор ретінде әрекет етіп, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті күш-жігерді салуға ниет білдірді.
Тұрақты қаржыландыру құралдары арқылы қарыз алуды сүйемелдеу тәжірибесі бар АХҚО Жасыл қаржы орталығы әлеуметтік облигациялар саласындағы халықаралық талаптар бойынша қажетті консультациялық қолдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жасыл және әлеуметтік облигациялар саласындағы Эмитент саясатына және Капитал нарығының халықаралық қауымдастығының жасыл/әлеуметтік облигацияларының принциптеріне сәйкестендіріп, Second Party opinion түрінде сыртқы шолуды (бағалауды) дайындайды.
2021 жыл Қазақстанның тұрақты қаржы нарығын дамытудағы маңызды кезең болды,сондай-ақ, бірінші жасыл облигациялар 2020 жылы шығарылды. Пандемия шығарылымдарды танымал етуге көмегін тигізді, әсіресе, Ковид-19-ның әлеуметтік-экономикалық әсерін шешуге бағытталған әлеуметтік облигациялардың бүкіл әлемде танымал болуына ықпал етті.
«Жасыл қаржы орталығының қолдауымен 2021 жылы бірнеше жасыл несие тартылып, жасыл облигациялар шығарылымы жүзеге асты. Жасыл қаржы орталығы Қазақстандағы тұрақты қаржыландыру жүйесін одан әрі дамытып, нарық субъектілеріне кәсіби қолдау көрсетуге ниетті», – деді АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады».
АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру тұжырымдамасын іске асыру және ипотекалық несиелендіруді дамыту мақсатында құрылды. Компания ел тұрғындарын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде құрылыс индустриясын қолдауға, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуіне және ипотекалық несиелендіруге жағдай жасауға бағытталған.