Ташкент халықаралық инвестициялық форумы-көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң
АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты.
Ташкент форумы Өзбекстандағы өз қызметін кеңейтуге мүдделі шетелдік инвесторларды, қаржы және экономикалық ұйымдарды тартуға арналған және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өтті.
Форумға әлемнің 56 елінен екі мыңнан астам қатысушы – ірі инвесторлар қатысты.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, Ташкент форумы — бұл елдің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсететін стратегиялық бастамаларды талқылауға және іске асыруға арналған жаңа диалог алаңы.
Форум аясында А. Қазыбаев “Навои тау-кен металлургия комбинаты” АҚ, “Алмалық тау-кен металлургия комбинаты” АҚ, “Uzkimyosanoat” АҚ және басқа да ірі компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Оларға жасыл, әлеуметтік және тұрақты облигациялар, сондай-ақ ESG трансформациясы және есеп беру сияқты тұрақты қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту ұсынылды.
Сондай-ақ, А. Қазыбаев Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Азиз Аалиевпен, Жасыл қаржы орталығының кеңесшісі ретінде қатысуымен, Қырғызстан Республикасының 500 млн АҚШ доллары сомасындағы егемен жасыл облигацияларын орналастыру мүмкіндігі мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.