АХҚО Tech Hub барлық ниет білдірушілерді «Қазақстанда ШОК-қа 4ӨР технологияларын енгізуді жеделдету: сын-қатерлер мен перспективалар» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады
10 наурызда «Қазақстанда ШОК-қа 4ӨР технологияларын енгізуді жеделдету: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында вебинар форматында дөңгелек үстел өтеді. Спикерлер ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) сарапшылары, Бразилиядағы Төртінші өнеркәсіптік революция (4ӨР) орталықтарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейді.
Вебинарда келесі мәселелер талқыланады:
- Қазақстанда ШОК 4ӨР технологияларын енгізудің ағымдағы жағдайы;
- Технологияларды кеңінен енгізуге кедергі келтіретін кедергілер;
- Кедергілерді азайту үшін қандай әрекеттер жасау керек.
Сонымен қатар, халықаралық және жергілікті сарапшылар ДЭФ ғылыми қызметкері дайындаған «Шағын және орта кәсіпорындарда технологияларды енгізуге Covid-19-дың әсері: салдары мен келешегі» баяндамасын талқылайды. Баяндаманың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.
Өтілу форматы: онлайн, ZOOM платформасында
Күні: 10 наурыз, 16.00 -17.30 (Нұрсұлтан қ. уақыты бойынша)
Тілі: ағылшын, орыс тіліне ілеспе аудармасымен
Вебинарға сілтеме бойынша тіркелуге болады https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe58UdecYTCffNQ-ZGLOb3KS6hm4-ShvJt1KZ4_WhpQUTqwAw/viewform
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/
Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.