АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Eurasian Environmental fund» Коммерциялық емес ұйымын тіркеу туралы хабарлайды

Ағымдағы жылдың 13 мамырында АХҚО юрисдикциясында «Eurasian Environmental fund» Коммерциялық емес ұйымы (бұдан әрі – Қор) тіркелді. Қор қалалар мен олардың айналасын көгалдандыруға, қалалық флора мен фаунаны құруға, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық кеңістігін дамытуға арналған жобаларды қаржыландырады. Қордың құрылтайшылары – AIFC Green Finance Centre, Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қоры және Green Investment Group ЖШС.

Қордың миссиясы – Қазақстанда көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу. Қор гранттардан, демеушілерден және ерікті қайырымдылықтардан қаражат жинайды.

«Еуразиялық банк» АҚ және Мастеркард Еуропа Қордың алғашқы серіктестері болады және Қорға оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге көмектеседі.

Құрылған Қор 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшуі тұжырымдамасының мақсаттарын және 2016 жылы ратификацияланған Париж келісімінің мақсаттарын іске асыруға бағытталған.

 

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

           

АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат  жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant