АХҚО Жасыл қаржы орталығы Глазгода Unlocking Green Investments» сессиясын ұйымдастырып өз қызметін ұсынды
АХҚО Жасыл қаржы орталығының кеңесшісі Әсел Нұрахметова Глазго қаласында өтіп жатқан COP 26 Климаттық конференциясы шеңберіндегі іс-шаралардың бірінде сөз сөйледі. Жасыл қаржы орталығы Орталық Азия елдерінің павильонында «Unlocking Green Investments» сессиясының тең ұйымдастырушысы болды. Әсел орталықтың қызметі мен қызметтері, Қазақстандағы тұрақты қаржыландыру құралдары, Қазақстандағы тұрақты облигациялар нарығының көлемі және Орталық мүдделі тараптарға көрсететін қолдау туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Шотландияның Глазго қаласында Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының Климаттық конференциясының 26-шы сессиясы өтуде. Бұл ең маңызды кездесулердің бірі, өйткені ол климат дағдарысын шешу үшін үкіметтердің, ғылыми қоғамдастықтың, қаржы саласының, коммерциялық емес ұйымдардың және басқа топтардың өкілдерін біріктірді. Атап айтқанда, 26-шы іс-шара, қол қоюшылардың белгіленген мақсаттарға жету жолындағы прогресіне арналған.
Түрлі сессиялар энергетика, төмен көміртекті даму, жасыл қаржыландыру, қоғам мен жастар қозғалысының Климаттық күн тәртібіндегі рөлі, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару, ірі компаниялар мен қаржы мекемелерінің қаржылық емес есептілігіне арналды.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz