АХҚО инвестициялық платформасы – VentureRocket Eurasia жаңа cтартап-жобаның фандрайзинг науқанын бастайды

АХҚО қатысушысы, Өзбекстандық ритейл-стартап “BILLZ Ltd.” VentureRocket Eurasia (VRE) платформасында қаржы жинау науқанын бастады.

BILLZ (https://billz.uz/) – бұл онлайн және офлайн бөлшек сауда бизнесін басқаруға және дамытуға көмектесетін бағдарламалық құрал. Өнім сатылымдарды талдау, тауарларды, қызметкерлер мен қаржыны басқару, көбірек тұтынушы тарту және тіпті бөлшек сауда процестеріне команданы үйрету үшін пайдалануға болатын интуитивті және қолдануға оңай құралдар жиынтығын ұсынады.

«Біз шағын және орта бизнеске уақыт пен ақшаны үнемдеу арқылы максималды тиімділікке қол жеткізуге көмектесе отырып, күнделікті жұмыс процестерін жеңілдету үшін қарапайым технологияларды, сондай-ақ клиенттерді басқару құралдары мен зияткерлік аналитиканы ұсынамыз. Біздің шешімімізді 500-ден астам бөлшек сауда кәсіпорындары қолдануда. Қаражат жинау біздің өніміміздің техникалық аспектілерін пысықтаумен қатар, оны өңірлік және жаһандық деңгейде одан әрі масштабтауға көмектеседі», – дейді Рустам Хамдатов «Billz ЖШС» бас директоры және негізін қалаушы.

2020 жылы Британдық венчурлық Sturgeon Capital BILLZ Ltd. қорына инвестиция жасаған. 2021 жылы қор жаңа айналымға қатысу арқылы қосымша (follow-on) инвестициялар салуды жалғастыруда.

«BILLZ – бұл компанияның аймақтағы экономикаға және жұмыспен қамтылу мәселесіне елеулі үлес қосып жатқан цифрландыру және бөлшек сауданы автоматтандыру саласын қалай жетілдіре алатынының тамаша үлгісі. Сонымен бірге, стартапты Орталық Азиядағы ең дарынды басқару командаларының бірі басқарады», – деп қосты Sturgeon Capital инвестициялық директоры Робин Батлер.

VRE – АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінде (AFSA) тіркелген платформа. АХҚО Tech Hub және жаһандық зерттеу және инновациялық компания Titanium Technologies платформаны осы жылдың басында іске қосты. Billz – VRE платформасында фандрайзингтік науқанын бастаған екінші технологиялық стартап.

«Бұл Орталық Азияның венчурлық нарығы үшін маңызды қадам – стартаптарды инвестициялаудың жаңа құралының пайда болуы. VRE тек капиталды тарту алаңы ретінде қызмет етіп қана қоймайды, сонымен қатар инвесторлар, стартаптар және басқа экожүйе қатысушылары арасында ұзақ мерзімді өзара әрекеттесулерді құру үшін қолайлы жағдай жасайды. Біз VRE аймақтағы венчурлық капиталды дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдіміз және, қорларды, венчурлық инвесторларды және бизнес-періштелерді платформамызға қосылуға шақырамыз», – деп бөлісті VentureRocket Eurasia бас директоры Арслан Құдияр.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді. 

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/ 

АХҚО Tech Hub – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/ 

Venture Rocket Eurasia – АХҚО Tech Hub және Titanium Technologies жаһандық зерттеу және инновациялық компаниясы (https: // titanium-tech.net/) жасаған стартаптарды басқару және инвестициялау платформасы. 

Бұл аймақтық және жаһандық инвесторларға бағытталған Орталық Азиядағы стартаптарды бірлесіп инвестициялауға арналған алғашқы платформа. https://venturerocket.vc/

AIFC AI assistant