АХҚО Tech Hub және Халықаралық өнеркәсіптік трансформация орталығы (INCIT) SIRI бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Төртінші өнеркәсіптік революцияның үлестес орталығы (4ӨР) және Халықаралық өнеркәсіптік трансформация орталығы (INCIT) Smart Industry Readiness Index (SIRI) бағдарламасы шеңберінде неғұрлым тығыз әріптестік орнатуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Келісімге қол қоюға АХҚО Tech Hub Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Қалиев, INCIT вице-президенті Викрам Калкат және INCIT серіктестік қатынастар жөніндегі директоры Майк Чанг қатысты.

SIRI бағдарламасының негізгі мақсаты – экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындардың цифрлық трансформациясына бағалау жүргізу. Бағдарлама өндірушілерге трансформация процесін ұлғайтуға және қолдауға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және цифрлық трансформация жолындағы өндіріс барысын бақылауға көмектесетін құралдар жиынтығын қамтиды. ДЭФ SIRI бағдарламасын қолдады және мақұлдады. Бағдарлама «Болашақ озық өндіріс пен құн тізбегін қалыптастыру» платформасының бөлігі болып табылады.

4ӨР үлестес орталығы Digital Bridge 2022 форумында SIRI енгізу және дамыту үшін «C4IR. SIRI цифрлық жетілуін тәуелсіз бағалау арқылы қазақстандық кәсіпорындардың цифрлық трансформациясы» панельдік сессиясын ұйымдастырды.

«Қазақстан – SIRI құралдарын енгізу үшін перспективалы ел. SIRI бағдарламасын тиімді қолдану жалпы экономикалық қызметке оң әсер етеді, өйткені бағдарламаның өзі адамдардың мәдениеті мен ойлауын Индустрия 4.0 элементтеріне қатысты өзгертеді», – деп түсіндірді INCIT Вице-президенті Викрам Калкат.

«Төртінші өнеркәсіптік революция қазірдің өзінде жүзеге асып отыр және экономиканың барлық салаларына әсер етеді. 4ӨР үлестес орталығы Қазақстандағы SIRI бағдарламасын масштабтау үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен өнеркәсіпке қатысты жедел экономикалық өрлеу үшін бірегей алаң ретінде ұсынылған”, – деп атап өтті АХҚО Tech Hub Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Қалиев.

Келісім шеңберінде тараптардың күш-жігері Индустрия 4.0 технологиялары ұсынатын жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге, инновациялық және жоғары технологиялар саласында тәжірибе және білім алмасуға, сондай-ақ әртүрлі жобаларға инвестициялар тарту саласында басқа тараптармен құруға, ілгерілетуге және ынтымақтастыққа бағытталатын болады.

INCIT компаниясымен цифрлық трансформация жолында жаңа шешімдерді енгізе отырып, 4ӨР үлестес орталығы елдегі технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көшудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.

AIFC AI assistant