АХҚО Tech Hub кәсіпорындардың цифрлық трансформациясын бағалау бойынша SIRI оқыту бағдарламасын іске қосады
2022 жылғы қыркүйекте Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Төртінші өнеркәсіптік революция үлестес орталығы (4ӨР) және Халықаралық өнеркәсіптік трансформация орталығы (INCIT) Индустрия 4.0 технологияларымен ұсынылатын жаңа мүмкіндіктерді зерделеу, инновациялық және жоғары технологиялар саласында тәжірибе және білім алмасу және жобаларға инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісім аясында Қазақстанда SIRI бағдарламасы бойынша оқудан өтетін кандидаттарды іріктеу жүзеге асырылады. Қатысушылар бағдарламаның әдіснамасын зерделейді, өнеркәсіп, автоматтандыру процестері және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс істеуі туралы білім алады.
Сонымен қатар, SIRI платформасына қол жетімділік үміткерлерге технология, сондай-ақ қызметкерлердің мотивациясы мен біліктілігі тұрғысынан кең талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Емтиханнан кейін оқытылған мамандар Қазақстандағы кәсіпорындардың цифрлық трансформациясын бағалау бойынша қызмет көрсете алатын алғашқы SIRI сертификатталған бағалаушылары болып шығады.
Қазақстанда SIRI бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау 2022 жылдың 28 қазанына дейін ашық. Оқыту 2022 жылдың қараша айында онлайн форматта өтеді. Бағдарлама INCIT сарапшыларының қолдауымен ағылшын тілінде жүргізіледі.
Сіз оқу бағдарламасы туралы мәліметтерді мына поштаға жазу арқылы біле аласыз [email protected] және +77051191101 нөмірі бойынша, сондай-ақ [email protected] және нөмір бойынша +77017779440 хабарласа аласыз.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.
SIRI бағдарламасы – өндірушілерге трансформация процесін масштабтауға және қолдауға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және цифрлық трансформация жолындағы өндіріс барысын бақылауға көмектесетін құралдар жиынтығы. SIRI бағдарламасын ДЭФ қолдап мақұлдады және бағдарлама – “Болашақ озық өндіріс пен құн тізбегін қалыптастыру” платформасының бөлігі.