АХҚО Tech Hub 3-ші Халықаралық ПЛАС-форумында телекомдағы өнімдік инновациялар туралы сөз қозғайды

АХҚО Tech Hub 26-27 қазанда Алматыда өтетін «Шекарасыз финтех. Цифрлық Еуразия» Халықаралық ПЛАС-форумында «Beyond the Core. Қазақстандық телекомдағы экожүйелер» панельдік сессиясын өткізеді.

Пікірталас Қазақстандағы мобильді операторлардың экожүйелерін талдауға арналады. АХҚО Tech Hub сонымен қатар Huawei, Beeline Kazakhstan, KPMG және IDC серіктестерімен бірлесіп дайындалған Corpup Telecom 2022 есебінің негізгі қорытындыларын таныстырады.

Телеком нарығының өкілдері мен сарапшылары мобильді операторлардың жаңа экожүйелік өнімдерін іске қосу және дамыту стратегияларын, ашық инновацияларды және бизнестің жаңа бағыттарын дамытудың түбірлік технологиясы ретіндегі 5G рөлін талқылайды.

«Біздің телекоммуникация саласындағы серіктестеріміз финтех, заттар интернеті, big data, электрондық коммерция және т.б. сияқты серпінді технологиялық бағыттарда жаңа цифрлық сервистерді енгізе отырып, инновациялардың алдыңғы қатарында тұр. ПЛАС-Форум нарық көшбасшыларын жинап, қазақстандық телекомда экожүйелік моделін құру бойынша алғашқы қорытындылар мен жоспарларды талқылау үшін тамаша алаң», — деп атап өтті АХҚО Tech Hub бас директорының орынбасары Бекжан Мұтанов.

«Шекарасыз финтех. Цифрлық Еуразия» халықаралық ПЛАС-форумы келесі тақырыптар бойынша сессиялар мен семинарлар ұсынады: төлем индустриясындағы басымдықтардың өзгеруі, банк бизнесін трансформациялау, эквайрингтің жаңа бизнес-модельдері, экожүйе экономикасы, банктік бөлшек сауданың үздік тәжірибелері және тағы басқалар.

Сессия 27 қазанда сағат 09:30-да (онлайн және оффлайн түрде) өтеді.

Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін сайтқа өтіңіз https://fintech.plus-forum.com/

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

AIFC AI assistant