АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры және Еуразиялық Экономикалық Комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) арасында кездесу өтті

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры, Айдар Қазыбаев, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр), Руслан Бекетаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен Еуразиялық Экономикалық Комиссия арасындағы ынтымақтастықтың болашағы, оның ішінде тұрақты қаржыландыру құралдарын пайдалану, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнесі үшін жасыл қаржыландыру құралдары туралы ақпаратты тарату бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Еуразиялық Экономикалық Комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитетін 2022 жылдың бірінші тоқсанында «Астана» халықаралық қаржы орталығында өткізу келісілді.

Сонымен қатар, тараптар әлеуметтік және тұрақты даму құралдарын пайдалану бойынша шараларды өткізу мәселесін пысықтауға келісті. ЕЭК Айдар Қазыбаевты ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-бизнес қауымдастығы ұйымдастыратын вебинарда сөз сөйлеуге шақырды.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Еуразиялық Экономикалық Комиссия арасындағы Іс-шаралар жоспарын жаңа әлемдік сын-қатерлерді ескере отырып, жаңарту қажеттілігі туралы түсіністікке келді.

 

Анықтамалық ақпарат

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». www.aifc.kz

 АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant