ҚР Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы АХҚО қызметімен танысты

Төраға Наталья Годунова бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО, Орталық) барып, АХҚО органдары мен олардың ұйымдары – Биржа, Сот және Халықаралық төрелік орталық, қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті, Тех Хаб, Жасыл қаржы орталығы және т. б. жұмысымен танысты.

Атап өтілгендей, АХҚО-ның бюджеттік өтінімі жыл сайын қысқарады, ал Орталық органдары мен олардың ұйымдары, сондай-ақ АХҚО қатысушылары төлейтін салықтардың көлемі өсуде. Осылайша, 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Орталық органдары мен олардың ұйымдарынан, сондай-ақ АХҚО қатысушыларынан мемлекеттік қазынаға түсетін салықтардың көлемі 17 млрд теңгеден асты. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеге жетеді және тиісінше АХҚО-ның соңғы екі жылда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатының көлемін жабады деп күтілуде.

Сапар қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлар палатасының басшылығымен АХҚО қызметіне жоғары баға берілді, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкестіктің маңыздылығы атап өтілді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant