Астана қаласында алғашқы АХҚО Құқықтық білім беру аптасы өтті

18 — 23 маусым аралығында «Астана» халықаралыққаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) Соты мен АХҚО-дағы Халықаралық Төрелікорталығы АХҚО Үздіксіз біліктілікті дамыту Бюросымен бірлесе отырып, Астанақаласында АХҚО алғашқы құқықтық білім беру аптасын («Құқықтықапталық») өткізуде.

Құқықтық апталыққа Кембридж Университеті, Лондон универститеттік колледжі және Дауларды тиімді шешу орталығынан келген әлемдік деңгейдегі жалпы құқық саласындағы ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлер өткізуімен қарқынды тренинг бағдарламалары бар. Бағдарламаларға Еуразия өңірінен әртүрлі индустриялық секторлардан келген жүзден астам заң, қаржы және басқа да бизнес кәсіпқойлары қатысып отыр.

«Қаржы Кәсіпқойлары мен Заңгерлердің Халықаралық Коммерциялық Құқығы» атты Астана қаласында 2018 ж. 18-19 маусым күндері ҚазМЗУ-де алғашқы екі күндік бағдарламасын Корпоративтік құқық саласындағы Магистратура бөлімі (КҚМ) Директоры және Кембридж Университеті Заң факультетіндегі Корпоративтік және Коммерциялық құқық орталығының (ККҚО) директорының орынбасары, доктор Марк Мур өткізді. Бұл бағдарлама бірқатар өзекті мәселелерді қамтыды, соның ішінде жалпы құқықтық әдіс, шарттық құқық, капитал нарығын реттеу және корпоративтік басқару.

«Қатысушыларға жалпы заңды коммерциялық қызметті шектейтін қатаң ережелер жиынтығы ретінде қарамай, келісуші тараптардың қажеттіліктері мен тұтыныстарына қарай қолданылатын және бейімделетін динамикалық құрылым ретінде түсіну ұсынылып отыр», — деді д-р Марк Мур.

«Англияның жалпы заңына кіріспе» атты екінші екі күндік бағдарламаны Астана қаласында Еуразиялық ұлттық университетінде әлеуметтік-құқықтық зерттеулер профессоры, Лондон колледж университетінде (ЛКУ) құқық факультетінің бұрынғы директоры, профессор Дейм Хейзел Генн өткізді. Бағдарламада заң функциялары мен жалпы құқық тарихына, заң үстемдігі мен сот билігінің тәуелсіздігі, прецедент доктринасы мен іс мәнін қарастыру және заңды түсіндіруге кіріспе жасалды.

Профессор Дейм Хейзел Генн:

«Мен Қазақстанның кәсіби заңгерлер қоғамдастығы курсыма қызығушылық танытқанына өте қуаныштымын. Мысалы, осы курсқа арнайы Алматы қаласынан жетекші халықаралық және жергілікті заңгерлік фирмалардан бірқатар тұлғалар, аға заңгерлер мен серіктестер келді. Менің ойымша, осы екі күндік лекцияларда алған дағдылар мен дәрістер олардың ағымдағы жұмысы үшін пайдалы болады. Олар Ағылшын жалпы құқықтық жүйесінің зерттеулерін менің курсыммен өз беттерінше жалғастырады деп үміттенемін.»

 

Үшінші алты күндік аккредиттелген делдалдық дағдыларды оқыту бағдарламасын Астана қ. ҚазМЗУ Дауларды тиімді шешу орталығы (ДТШО), халықаралық іскерлік даулар делдалдарын дайындау және делдалдық қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибе әлемдік стандартына сәйкес өткізіліп жатыр. Конкурстық сұхбат кезінде АХҚО Ғылыми кеңесі он екі қазақстандық ұлттық қатысушыларды іріктейді. Қатысушыларға халықаралық деңгейдегі ДТШО делдалдық дағдылар біліктілігі беріліп отыр.

Барлық бағдарламалар дәстүрлі біліммен ойлайтын қазақстандық заңгерлер мен бизнес кәсіпкерлерін әсіресе, коммерциялық және кәсіпкерлік даулар жағдайында жалпы ағылшын заңгерлері секілді ойлауға ынталандыруға бағытталады.

АХҚО Соты аппарат Басшысы және Халықаралық Төрелік орталығының бас директоры Кристофер Кэмпбелл-Холт:

«Құқықтық апталық Қазақстан және Еуразия өңірі үшін алғашқы рет үздік ғалымдар мен жалпы құқық саласындағы тәжірибелі мамандар өткізетін жалпы құқық саласында бірқатар тренингтерді шоғырландырып өткізу арқылы бірегей мүмкіндік ұсынды. Біз қатысушылардың тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ, Еуразия өңіріндегі басқа да елдерден келгендігіне қуаныштымыз. Біз Астана қаласындағы ҚазМЗУ мен Еуразиялық Ұлттық Университеті, ДТШО және Кембридж бен Лондон колледж университеттері үздік заңгерлік мектептерімен серіктес болғанымызға өте ризамыз. Қатысушылардан алынған пікірлерге байланысты, енді АХҚО басқармасы мен Халықаралық Төрелік орталығы Астана қаласында АХҚО заңгерлері мен мемлекеттік және коммерциялық серіктестерімен бірігіп үздіксіз берілетін жалпы құқық саласындағы үздік лекциялармен қатар, үздіксіз жан-жақты заңгерлік және дауларды шешу саласында білім беру бағдарламаларын беру жоспарлаудамыз».

 

 

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

AIFC AI assistant