Қазақстанда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы банк картасы пайда болды
2021 жылғы 10 маусым, Алматы қ. — Еуразиялық банк Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп Қазақстандағы алғашқы экокартаны шығарды. Қайта өңделген пластиктен жасалған эко-карта әр адамға елдегі көгалдандыру мен қоқысты сұрыптау ісіне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк Қазақстанда экожобаларды іске асыру үшін Эко-картаны пайдаланғаны үшін қолма-қол ақшасыз транзакциялардан 0,5% бонустарды Eurasian Environmental Fund КЕҰ-ға жіберетін болады. Бұған қоса банк Eurasian Pay, Apple Pay, Samsung Pay арқылы клиентке жанасусыз төлемдер үшін 0,5% бонустар аударатын болады. Картаға 2021 жылғы 10 маусымнан бастап банктің www.eubank.kz сайтында тапсырыс беруге болады.
«Жасыл» технологиялар әрбір қазақстандыққа қолжетімді. Эко-картамен төлем неғұрлым көп болса, соғұрлым экологиялық бағдарламаларға қосымша қаражат жұмсаймыз. Жобадағы серіктестермен және біздің клиенттермен бірге біз Қазақстанның табиғатын жақсартуға өлшемді үлес қосуға қуаныштымыз, – деді Еуразиялық Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.
Экологиялық науқанды бастау құрметіне Еуразиялық банк Eurasian Environmental fund, Mastercard және Алматы Жасыл экономика басқармасы 5 маусымда 75 жөке балы ағашы аллеясын отырғызды.
Эко-картаны шығарудан басқа банк NFC бірегей өнімін-постерді ұсынды, ол арқылы кез келген банктің төлем картасын ұстаушы бір рет түрту арқылы 500 теңге көлеміндегі бір немесе бірнеше төлемді экологиялық акцияларды өткізуге жібере алады. NFC-постерлердің орналасқан жері eef.kz сайтында көрсетіледі.
Eurasian Environmental Fund эко-картадан есептелген бонустардан және NFC-постерлер арқылы қайырымдылық қаражатты шоғырландыратын болады. Қор экологиялық жобаларды қаржыландыру кезінде Банкпен келісетін болады. Қордың құрылтайшылары – АХҚО Жасыл қаржы орталығы (AIFC Green Finance Centre Ltd.), Биоалуантүрлілікті сақтау қоры және Green Investment Group ЖШС.
«Біздің миссиямыз – Қазақстанның көміртектік бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдесу. Қор қаражатты гранттар есебінен де, демеушілер мен ерікті қайырмалдық қаражаты есебінен де шоғырландыруға ниетті. Біз қоршаған ортаны қорғау, қалаларды көгалдандыру, Қазақстанның флорасы мен фаунасын қалпына келтіру жобаларына инвестиция салуға, сондай-ақ экология саласындағы қоғамдық бастамаларды қолдауға ниеттіміз», – деді АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев
Эко-карта Mastercard халықаралық төлем жүйесімен серіктестікте шығарылған.
«Біз Mastercard компаниясында алдыңғы қатарлы шешімдердің өңірде қолжетімді болуы үшін дәйекті жұмыс жүргіземіз және экологиялық карталарды шығару бойынша халықаралық тәжірибенің Қазақстанға келгеніне өте қуаныштымыз. Эко-карта клиенттерге инновациялық төлем технологияларын пайдалануға ғана емес, сонымен қатар пайдалы және маңызды іс – қоршаған ортаның әл-ауқатына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді, бұл бәрімізге жақсылық жасау арқылы әлемді жақсартуға мүмкіндік береді!», – деді Рафал Трэпка, Орталық Азиядағы Mastercard компаниясының бас директоры.
Банк клиенттерге өз қайырымдылығының нәтижелерін көруге, қор жинаған соманы қадағалауға, сондай-ақ ағаштар отырғызудың, қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатудың геолокациясын көруге мүмкіндік беретін онлайн тетік әзірлеуде.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы – бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржының дамуына жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Басты мақсаты – тұрақты экономикаға инвестицияларды жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тарту. Одан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдама орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және орнықты даму салаларында стратегиялық және бизнес-консультациялар ұсынады. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторларға және нарық ойыншыларына АХҚО Биржасында жасыл облигациялар шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
Еуразиялық банк – Қазақстанның әлеуметтік-маңызды қаржы институты, 26 жыл ішінде активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша тұрақты түрде қазақстандық ірі банктердің ондығына кіреді. Корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады, бөлшек бизнес көлемі бойынша банктердің топ бестігіне кіреді, цифрлық банкингті белсенді дамытуда.
Mastercard (NYSE: MA) – төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Миссиясы – қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қолжетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, барлығына және барлық жерде артықшылық беретін цифрлық экономиканы дамыту және нығайту. Қауіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып, серіктестік құрып, шабыттандыратын нәрсеге сүйене отырып, біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтер мен бизнеске өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз.
Eurasian Environmental fund – коммерциялық емес ұйымы ағымдағы жылдың 13 мамырында АХҚО юрисдикциясында тіркелген. АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қоры және Green Investment Group ЖШС Қордың құрылтайшылары болды.