Алматыда «KazBar» мүшелеріне арналған АХҚО Халықаралық Арбитраждық Орталығының алғашқы презентациясы өтті
Корольдік қорғаушы, Астана Халықаралық арбитраждық орталығының (ХАО) төрайымы, Барбара Доманн х-м және АХҚО мен ХАО сотының Хатшысы мен Атқарушы Директоры, Кристофер Кэмпбелл-Холт м-за қазақстандық заңгерлер, «Kazakhstan Bar Association» (KazBar) коммерциялық заңгерлер алқасының» мүшелері үшін ХАО туралы арнайы презентацияны өткізді. KazBar мүшелері Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп келе жатқан ХАО-да әлем деңгейіндегі дауларды шешудің жаңа баламалы мүмкіндіктерімен танысқан.
Комитет төрайымы, корольдік қорғаушы Доманн, былай деді:
«Мен қазақстандық заңгерлермен және Коммерциялық заңгерлер алқасының мүшелерімен кездесуге, одан әрі олармен ХАО ұсынатын бірегейлі орналасу туралы әнгімелесуге қуаныштымын. ХАО соттағы сот талқылануының баламасы ретінде арбитраж бен дедалдықтың ең жоғары халықаралық стандарттарын қолданады, сонымен қатар жергілікті және халықаралық заңгерлер мен олардың клиенттері үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Біз ХАО-ны еуразиялық өңірде азаматтық пен коммерциялық дауларды арбитраж бен дедалдық жолымен шешуге арналған нөмір бірінші таңдау қылып етуге тырысып жатырмыз».
Айгүл Кенжебаева, Қазақстандағы «KazBar» Коммерциялық заңгерлер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы, және «Dentons» компаниясының Қазақстан мен Орта Азиядағы басқарушы серіктесі:
«ХАО құру Қазақстанда инвестициялық ахуалдың тартымдылығын жоғарылату жолындағы маңызды қадам болып табылады. Әрине, АХҚО-дағы өзінің бірегейлі орналасудың арқасында, АХҚО соты атқарушы орган болып табылатын, сондай-ақ оның заманауи мен прогрессивті қағидаларының арқасында, ХАО жуырда әлемнің осы бөлігінде дауларды шешудің ең талап етілген нұсқасына айналады. «KazBar» атынан мен ХАО-да басқарушы рөлді мойнына алған Барбара Доманн ханымға үлкен алғысымды білдіргім келеді, өйткені оның мінсіз беделі, кәсіпқойлығы мен дағдылары жетістікке әкелетініне кепілдік береді».
ХАО-ның өзінің әртүрлі юрисдикциялардан шақырылған тәуелсіз, жоғары білікті халықаралық арбитрлары мен дедалдар тобы бар. Ол сот талқылануына тәуелсіз, үнемді және жедел баламасын қамтамасыз етеді және азаматтық пен коммерциялық дауларды шешу үшін ең жоғары халықаралық стандарттарды қолданады. Сенімділік, әділдік, қолжетімділік және заң ұлықтылығының шартсыз қолданылуы ХАО-ның ерекше белгілері болып табылады.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz
АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.
АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.
Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.