АХҚО Басқарушысы мен ЕАДБ Басқарма Төрағасы қаржы-инвестиция саласындағы серіктестікті тереңдету мәселелерін талқылады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) Басқарма Төрағасы қаржы-инвестиция саласындағы серіктестікті және еуразиялық ықпалдасуды тереңдету мәселелерін талқыланды.
АХҚО Басқарушысы Николай Подугзовты АХҚО қызметімен, оның міндеттерімен, қол жеткізген нәтижелерімен және жоспарларымен таныстырды. АХҚО Басқарушысы АХҚО Биржасын қоса алғанда, АХҚО алаңы қолайлы старт болатын жаңа қаржылық құралдардың дамуын, соның ішінде жасыл және әлеуметтік облигацияларды АХҚО барынша қолдайтынын атап айтты.
Қ.Келімбетов ЕАДБ-ға Ақтау қаласындағы туристік хаб құруға қатысу, сондай-ақ Еуразиялық тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы, сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі инвестициялық қызметті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Николай Подугзов ЕАДБ мен АХҚО-ны бірнеше бірлескен жобалар байланыстыратынын атап өтті. Ол осы жазда ЕАДБ АХҚО-ның еншілес компаниясы – «Жасыл қаржы орталығының» бірлескен акционері атанғанын еске салды. Дәл осы институт арқылы ЕАДБ еуразиялық кеңістікке жасыл және әлеуметтік қаржыландыру құралдарын белсенді түрде енгізбекші.
Сонымен қатар, Н. Подугзовтың сөзінше, ЕАДБ Банк қызмет ететін елдердің үкіметтері үшін қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына ие халықаралық деңгейде танылған ұйым ретіндегі Банктің мәртебесін одан әрі арттыруға тырысады. Бұдан басқа, ЕАДБ ЕАЭО елдерінің үкіметтері де, ұйымдары да қолдана алатын аналитикалық платформаны күшейтетін болады.
Кездесу барысында тараптар елдер экономикасын дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру, цифрлық технологияларды енгізу және капитал нарығын бірлесіп дамыту шаралары туралы пікір алмасты.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады».
АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 2006 жылы Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады, оның мақсаты – қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттері: Армения Республикасы, Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы.