Португалияның Taguspark ең ірі ғылыми-техникалық паркінің басшысы АХҚО-ға барды
Taguspark ірі португал ғылыми-техникалық паркінің басшысы Эдуарду Баптишта Коррея «Астана» халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО, Орталық) барды.
Taguspark-Еуропадағы жетекші технологиялық саябақтардың бірі. Taguspark-тың негізгі қызметі – Португалиядағы ең ірі ғылыми-технологиялық паркті құру, дамыту, жылжыту және басқару. Парк қызметінің негізгі мақсаттары: кәсіпкерлік, инновациялық және білім беру қызметін іске асыру; компаниялар, университеттер мен зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету; тұрақты қалалық ортаны дамыту.
Сапар барысында қонақ АХҚО-ның жалпы құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген ерекше құқықтық режимімен, АХҚО-да қолданылатын салықтық преференциялармен және визалық жеңілдіктермен, сондай-ақ юрисдикция артықшылықтарымен және орталықтың жетістіктерімен танысты.
Делегатқа АХҚО органдары мен ұйымдарының – Биржаның, Соттың және Халықаралық төрелік орталықтың, қаржы қызметтерін реттеу Комитетінің, Техникалық хабтың, Жасыл қаржы орталығының және т. б. қызметі ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Taguspark пен АХҚО Тех Хабы арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігі талқыланды.
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
Taguspark бірқатар ғылыми-техникалық зертханаларды, инвестициялық стартаптарды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электроника, энергетика, жасыл және қаржылық технологиялар, химия және т. б. салалардағы бизнес-инкубаторларды қамтиды.