Amicorp халықаралық компаниясы Қазақстанда — АХҚО юрисдикциясында өз кеңсесін ашты

Amicorp компаниялар тобы өңірдің бас қаржы хабы — «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өз кеңсесін ашып, Орталықтың юрисдикциясында қорларды әкімшілендіру бойынша қызмет көрсететін бірінші жаһандық компания ретінде тіркелді. Amicorp — корпоративтік басқару, қаржы нарықтары және қорларды әкімшілендіру қызметтері бойынша жаһандық компания.

Aстана офисі енді халықаралық деңгейге шығуды қалайтын отандық компанияларға трансшекаралық қызметті жолға қоюға және тиімді заң құрылымдарын құруға көмектесетін болады. Сондай-ақ біздің елде тұрақтап, жұмыс істеуге ниет білдірген шетелдік кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға жергілікті қолдауды ұсынады деп күтілуде.

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Біз Amicorp компаниялар тобын «Астана» халықаралық қаржы орталығында қарсы алуға қуаныштымыз. Оның осында ашылуы Amicorp үшін де, АХҚО үшін де дамудың маңызды кезеңін білдіреді. Әлемге беделді компаниялардың біздің Орталыққа келуі Қазақстанның өңірдің ірі қаржы орталығы ретіндегі өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл шешім — біздің нарық пен экожүйенің жаһандық қаржы компаниялары мен институттарын қолдауға дайындығының бір дәлелі. Мұндай бастамалар инвестициялық мүмкіндіктерді жақсартуға, білім алмасуға, жұмыс орындарын құруға және экономикалық өсуге жол ашады. Қазір Қазақстанда активтерді басқару индустриясы қарқынды дамып келеді. АХҚО-да Amicorp халықаралық компаниясы кеңсесінің ашылуы нарықта қаржылық қызметтердің жаңа түрлері, әсіресе активтерді басқару саласының қайта қарқын алатынын білдіреді. Жаңа қаржылық қызметтер мен құралдардың пайда болуы Қазақстан қаржы нарығының дамуына өз үлесін қосады», — деп пікір білдірді.

Amicorp компаниялар тобы ТМД бойынша сату бөлімінің басшысы Серхио Хиронелла Астанада кеңсенің ашылуы Amicorp үшін маңызды кезең болып саналатынын, осында бола отырып қарқынды дамып жатқан Орталық Азия экономикасының инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланғысы келетін тұтынушыларға жақсырақ қолдау көрсете алатын тамаша мүмкіндік болатынын атап өтті.

Amicorp басшысының айтуынша Қазақстан Жаңа Жібек жолы бастамасын іске асыруда маңызды орынға ие, өйткені қазіргі уақытта Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға экспортталатын тауарлардың 80%-дан астамы Қазақстан арқылы өтеді. Бұл үлкен инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынатын артықшылығы бар юрисдикция ретінде инфрақұрылымның, нормативтік-құқықтық базаның және экономикалық амбицияның айтарлықтай дамуына әкеледі. Сонымен қатар, Серхио Хиронелла шетелдік инвестициялар ағынын және халықаралық нарықтармен интеграцияланған капиталдың тиімді нарығын дамытуға жәрдемдесудегі «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін ерекшелеп өтті.

«Біздің мақсатымыз — Қазақстанның әр қаласында орналаспасақ та, бүкіл ел бойынша бизнесті қолдау және АХҚО-ның жетекші қаржы орталығы ретінде дами беруіне өз ықпалымызды тигізу», — деді Хиронелла. Өз сөзін жалғастыра келіп, «Біз БРИКС елдерінде толыққанды бармыз, Таяу Шығыста да күшті сыртқы өсуіміз байқалудa, мысалы, біз Дубай мен Абу-Дабиде және Сауд Арабиясында кеңселерімізді ашып үлгердік».

Amicorp командасы Астанадағы жаңа кеңсесінен әртүрлі әкімшілік қызметтерді, соның ішінде заңды қызметтерді құру, корпоративтік хатшы қызметтері, салық және бухгалтерлік қызметтер, банктік шоттар ашу және басқа да әкімшілік міндеттерді қоса алғанда, корпоративтік басқарумен байланысты әкімшілік қызметтерді ұсынады. Команда алдағы айларда басқа қызметтерді қосуды жоспарлап отыр. Астанадағы жаңа кеңсе қазақстандық компанияларға Amicorp кеңселерінің халықаралық желісімен желілік байланыс мүмкіндіктерін ашады және команданың жергілікті нарықтар бойынша сараптамасына қол жеткізуді ұсынады.

 

 

Анықтамалық ақпарат

Amicorp компаниялар тобы

Amicorp — корпоративтік басқару, қаржы нарықтары және қорларды басқару саласындағы мамандандырылған қызмет провайдері. Соңғы 30 жылда Amicorp компанияларға, активтерді басқарушыларға, институционалдық инвесторларға және отбасылық кеңселерге, әсіресе дамушы нарықтарда табысқа жетуге көмектесетін инновациялық және индивидуалды шешімдерді әзірледі. Оған трансшекаралық құрылымдау, нормативтік және салық талаптарын сақтауды қолдау, сондай-ақ халықаралық деңгейде инвестициялау немесе өз қызметін кеңейтуді қалайтын кәсіпкерлер мен компанияларға көпжақты бизнестік демеу де кіреді. Компания адал корпоративті азамат қағидатын толығымен ұстанады, адамдар, қоғам және планета үшін жақсы, тұрақты болашақ құрудың ұзақ мерзімді стратегиясын қолдайды. Сол үшін Amicorp бүкіл әлем бойынша әлеуметтік мүмкіндіктер мен қоршаған ортаны қорғау жобаларын әзірлейтін, қаржыландыратын әрі насихаттайтын Amicorp Community Foundation құрды. www.amicorp.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

АХҚО — бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы мен дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. https://aifc.kz

AIFC AI assistant