2022 жылғы қазақстандық заң форумында АХҚО юрисдикциясының мүмкіндіктері ұсынылды
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Қосбаев бастаған АХҚО өкілдерінің делегациясы Lincoln Company ұйымдастырған 2022 жылғы қазақстандық заң форумына «АХҚО-да тіркеу және санкциялық комплаенс: заңгер нені білуі қажет» тақырыбымен спикерлер ретінде қатысты.
Панельдік сессия барысында АХҚО Әкімшілігінің, АХҚО Бизнес Коннекттің, АХҚО Жасыл қаржы орталығының және АХҚО Құқық академиясының өкілдері АХҚО құқығын қолдану, АХҚО-да тіркеу процесі, ESG және тұрақты қаржыландыру саласындағы заңнамалық бастамалар, сондай-ақ АХҚО Құқық академиясында кәсіби даму мүмкіндіктері мәселелері бойынша өз сараптамаларымен бөлісті.
Жетекші заңгер-практиктер құқықтық саладағы трендтер мен үрдістерді, өзекті мәселелер бойынша ықтимал шешімдерді талқылады, сондай-ақ саланың жетекші сарапшыларымен және мемлекеттік сектор өкілдерімен тәжірибе алмасты.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.