Грузия Премьер-министрі АХҚО қызметімен танысты

Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) болды.

Сапар барысында мейманға АХҚО қызметінің артықшылықтары мен негізгі бағыттары, сондай-ақ Сот және Халықаралық төрелік орталық, Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, Жасыл қаржы орталығы, Тех Хаб және т. б. Орталықтың органдары мен ұйымдарының қызметі ұсынылды.

Грузия Премьер-министрі АХҚО аумағында қолданылатын жалпы құқық қағидаттары мен нормаларына, салық преференциялары мен визалық жеңілдіктерге негізделген ерекше құқықтық режиммен танысты.

Сонымен қатар, И.Гарибашвилиге АХҚО-ның eJustice өнімі – тараптарға АХҚО Сотына және Халықаралық төрелік орталыққа әлемнің кез келген нүктесінен Нұр-Сұлтанда физикалық қатысу қажеттілігінсіз электрондық түрде талап-арыз беруге мүмкіндік беретін онлайн-портал сияқты өнімдері таныстырылды.

Қонаққа АХҚО Биржасының жұмысы, оның алаңын грузиялық компаниялардың пайдалану мүмкіндіктері туралы айтылды.

Сапар соңында қазақстандық тарап Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін АХҚО алаңы мен бірегей юрисдикциясын ұсынуға дайын екендігін білдірді және грузин бизнес-қоғамдастығының өкілдерін АХҚО артықшылықтарын пайдалануға және қаржы орталығының алаңында тіркелуге шақырды.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant