Беларусь Республикасы Премьер-министрі АХҚО қызметімен танысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Асқар Мамин мен Беларусь Республикасы Премьер-министрі Роман Головченко «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды.
Екі елдің үкімет басшылары АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталықтың, Қаржы қызметтерін реттеу комитеті, Исламдық қаржы мен бизнес хабы, жасыл қаржы орталығы қызметімен танысты. Сонымен қатар қонақтар Экспат орталық пен АХҚО биржасын да көрді.
Бұдан бөлек АХҚО өнімдері, соның ішінде әлемнің кез келген елінен онлайн түрде АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталыққа арыз беруге мүмкіндік беретін e-Justice электронды сот жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды. Мобильді қосымша арқылы қазақстандықтар биржалық ноталарды (ETN) сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Беларусь Премьер-министрі Орталыққа тіркелген Беларусь компанияларының қандай артықшылықтарға ие болатыны туралы ақпаратқа да қанықты.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр. АХҚО мақсаты өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей,”АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және “цифрлық қаржы орталығын” дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/