Лорд Вульфтің «АХҚО Соты: бағыт-бағдары» атты кітабы жарық көрді

Бүгін АХҚО Сотының Төрағасы лорд Вульф өзінің «АХҚО Соты: бағыт-бағдары» атты кітабын Нұр-Сұлтан қаласында АХҚО Сотындағы арнайы көрсетілімде заңгерлік және іскери орта өкілдеріне таныстырды. Кітапты АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза редакциялаған.

Кітапта 2018 жылы АХҚО Сотының ашылуы баяндалады, сонымен қатар оның коммерциялық дауларды шешу үшін Англия және Уэльс жалпы құқығының процессуалдық қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстандағы алғашқы сот ретінде құрылуының маңыздылығы аталып өтіледі. Кітапта АХҚО Сотын құру үдерісі сипатталған және Еуразияның инвестициялық хабы ретінде келешектегі бағытын анықтайды. Кітап үш тілде: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Ол хронологиялық тәртіпте құрылған және екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы 2015 жылы жария еткен бастамасынан кейін АХҚО Сотының құрылуынан бастап, 2018 жылы ресми ашылуына дейінгі кезең қарастырылады. Екінші бөлімінде ол АХҚО Сотының халықаралық мақсатын сипаттаған. Кітапқа сонымен қатар АХҚО Сотының процестері мен процедураларын қамтамасыз ететін АХҚО Сотының 2017 жылғы Регламенті мен АХҚО Сотының 2018 жылғы Қағидалары енгізілген.

Кітап көрсетілімінде лорд Вульф АХҚО Соты жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті және оның жетістіктерін түсіндіріп берді. Қонақтардың барлығы кітаптың қол қойылған данасын алу мүмкіндігіне ие болды.

Мирас Дәуленов мырза, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты былай деп түсінік берді:

«Бұл кітапта АХҚО Сотының қалай жұмыс істейтіндігі, оның юрисдикциясының қандай екендігі және оны құру үдерісінің қалай өткендігі туралы өте бірізді және ұғымды түсініктеме берілген. Сонымен, «АХҚО Соты: бүгіні мен келешегі» кітабы Сотты, оның мәні мен миссиясын ұғыну үшін ұсынылады»

 

София Жылқайдарова ханым, «Signum» заңгерлік фирмасының басқарушы әріптесі былай деп мәлімдеді:

«Англия мен Уэльстен беделді және тәжірибелі соттары бар АХҚО Соты – бұл сот төрелігі мен әділдікті, тұрақты даму мен бейтараптықты қорғауды жетілдіру үшін жасалған фундаменталды қадам».

 

Бұл кітап АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы таяудағы жылдары жариялауды жоспарлап отырған кітаптар сериясының алғашқысы болып табылады.

 

 

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.