AIX-тегі сауда-саттық көлемі

2021 жылғы  6  ай ішінде  АІХ-тегі сауда-саттықтың жалпы көлемі  210 507 470 АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы 6 айдың көрсеткішіне қарағанда 6,3 есе өсуді көрсетті. Ағымдағы жылдың аяғына қарай биржадағы сауда-саттықтың белсенділігі төмендеді, 2021 жылғы желтоқсанда биржадағы сауда-саттықтың көлемі 13 922 599 АҚШ долларын құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 2,2 есе төмендеді.

Эмитенттер, брокерлер, шоттар

2021 жылғы желтоқсан айының аяғындағы жағдай бойынша АІХ-тің ресми тізіміне әртүрлі 89 эмитетенттің 136 бағалы қағаздар шығарылымы, оның ішінде 2 ETF (Exchange traded funds) пен 17 ETN (Exchange traded notes) кірді. 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокер АІХ сауда мүшелері болып табылады. АІХ Орталық депозитарийінде инвесторлардың 160 мыңнан аса шоты ашылды.

АІХ бөлшек сауда инвесторлары қорын белсенді дамытуда, 2021 жылы олардың жалпы саны 1,5 еседен аса артып, 159 248 шот межесіне жетті. Қазақстан халқының арасында инвестициялау мәдениетін дамытуға АІХ 2020 жылы іске қосқан Tabys қолданбасы ықпал етуде. Қолданба жұмыс істей бастаған сәттен бастап онда 16,7 мың бөлшек сауда инвесторы тіркелді.

Желтоқсан айында АІХ-те бірқатар жаңа листинг өтті – 7 эмитент облигация шығарды, 3 компания Pre-IPO секторына кірді, 1 ETN шығарылымы өтті. іX Bitcoin Exchange Traded Notes биржалық нотасын шығару айтулы оқиға болды, оның базалық активтері биткойнға фьючерстердің динамикасын қадағалап отыратын ең ірі қорлардың бірі – ProShares Bitcoin Strategy ETF (BITO) акциялары болып табылады

Еуразия даму банкі (ЕАДБ) АІХ-те жылдық 1,5% мөлшерлемесімен 100 млн АҚШ доллары көлемінде екі жылдық облигациялар орналастырды. Фридом Финанс Кредит микроқаржы ұйымы АІХ-те 100 млн АҚШ долларына долларлық облигациялар және 30 млрд теңге сомасына ұлттық валютада борыштық құралдардың 2 орналастырылымын жүзеге асырды. АІХ-те BI Group құрылыс холдингінің еншілес ұйымдарының борыштық құралдарын шығару бойынша жұмыс жалғасуда – желтоқсанда Мидвест және Кең Дала компанияларының облигациялары орналастырылды. Сонымен қатар жылдың қорытынды айында АІХ-тің ресми тізіміне Tas Finance Group микроқаржы ұйымының және Bolashaq Investments компаниясының бондтары кірді

Желтоқсан айында 3 компания АІХ-ті болашақта өз акцияларын орналастыратын негізгі алаң ретінде таңдады. Pre-IPO секторына «Каспий мұнай» АҚ мұнай-газ компаниясы, сонымен қатар Eurasian Resources Group компаниясының екі еншілес ұйымы – «Қазақстан электорлиттік зауыты» АҚ және «Қазақстан алюминийі» АҚ кірді.

Желтоқсан айының аяғына АІХ-те үлестік құралдар листингі бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Халық Банк, Ferro-Alloy Resources Limited, Банк ЦентрКредит, Kaspi.kz, Kcell) жалпы нарықтық капиталдандырылуы 45,8 млрд АҚШД-дан асады.

AIXQI индексі – 2021 жылдың екінші жартысы

COVID-19  штамдарының таралуы мен жоғары инфляция салдарынан 2021 жылдың екінші жартыжылдығында қор нарықтарының құбылмалылығы жоғары болғанына қарамастан, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап AIXQI индексі 1104,04 пунктіге дейін 10,4%-ға өсті.  Барынша үлкен мән – 1204,58 пункт -11 қарашада тіркелді.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, AIXQI индексіне кіретін 8 компанияның 6-уы оң динамика көрсетті.  Индекс компанияларының арасында Банк ЦентрКредит өсу бойынша көш бастады, оның акцияларының өсімі жарты жыл ішінде 59,84% құрады.   

БЦК акциялары 2018 жылдан бері теріс динамика көрсетіп келді, алайда қызметтің күшті қаржылық нәтижелері, кредиттік портфельді жақсарту және осының салдары ретінде S&P және Moody’s әлемдік рейтинг агенттіктерінің бағалаулары жақсаруы есебінен  2021 жылы банк бұл үрдісті өзгерте алды.  Инвесторлардың жаһандық энергетикалық өту аясында ядролық энергетикаға қызығушылығы артуы есебінен уран бағаларының раллиі қарқынының бірінші жартыжылдықта басталған төмендеуіне қарамастан, 2021 жылдың 6 айы ішінде Қазатомөнеркәсіптің баға белгілеулері 28,77%-ға өсті. Көш бастаған үштіктің соңғысы қаржы секторының тағы бір өкілі – Kaspi жартыжылдықты 16,91%-ға өсумен аяқтады. Өз кезегінде Халық Банк жартыжылдықты 7,66%.-ға өсумен аяқтады. Қазақтелеком үшін де жыл позитивті өтті –жақсы қаржылық нәтижелер мен Telia Company A.B. компаниясына қарсы сотты одан әрі Қазақтелеком пайдасына 22 млн АҚШ доллары мөлшерінде өтемақы төлеумен ұтуы аясында Қазақстанның телекоммуникация секторы көшбасшысының баға белгілеулерінің өсуі 2021 жылғы 6 ай ішінде 15,85% құрады.

AIXQI-ке кіретін металлургия секторының өкілдері жартыжылдықты бірде-бір динамикасыз жапты – Central Asia Metal акциялары 8,46%-ға өсті, ал Polymetal акциялары 16%-ға төмендеді. KazTransOil акциялары жартыжылдықты 0,54%-ға аздап төмендеумен аяқтады.

AIXQI индексі– 2021 жылғы желтоқсан

Желтоқсан айында AIXQI индексінің мәні 1138,21 пунктіден 1104,04 пунктіге дейін 3%-ға төмендеді, индекстегі 8 компанияның 5-уі айды теріс аяқтады. Өсу бойынша Банк ЦентрКредит көшбасшы болды, оның баға белгілеулері 12,74%-ға артты. Одан кейін – 12%-ға өсумен Central Asia Metals акциялары, компания қаржылық, сол сияқты операциялық жақсы көрсеткіштерге, әсіресе Қазақстан аумағында мыс өндіру бойынша, жетті, 2021 жылға арналған 13 855 тонна жоспары 14 041 тоннаға дейін асыра орындалды. Қор нарықтарындағы жылдың аяғына қарай қалыптасқан белгісіздік AIXQI индексіндегі бірқатар компаниялардың баға белгілеулерінің аздаған өзгерістеріне әкелді – ХалықБанк акцияларының бағасы оң өзгерді (+1,88%), Қазақтелеком (-0,28%), Polymetal (-3,03%) және KazTransOil (-3,18%) акциялары аздап төмендеді. 2021 жыл бойы жақсы динамика көрсетіп, өсу бойынша көш бастаған Kaspi және Қазатомөнеркәсіп акциялары желтоқсан айында тиісінше 10,61%-ға және 10,57%-ға түзелді.

 

 

AIFC AI assistant