АХҚО Жасыл қаржы орталығы АХҚО юрисдикциясында бірінші рейтингтік және талдау агенттігін құру бойынша жұмыс жүргізуде

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) тұрақты қаржыландыру нарығына қатысушылардың пулын қалыптастыру және Қазақстан мен жалпы бүкіл Орталық Азияның қаржы нарығын дамыту жөніндегі бастаманы іске асыруды жалғастыруда.

Халықаралық практикада кредиттік рейтингтік агенттіктер ұзақ уақыт бойы қаржы нарығының маңызды элементі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы рейтинг пен талдау сегменттерінің жағдайы бастапқы кезеңде тұр, осыған байланысты Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында осы бағыттарды дамыту қажеттігі атап өтілді.

Кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметтерін эмитенттер бағалы қағаздарды шығару және орналастыру кезінде, жеке және институционалдық инвесторлар, сондай-ақ мемлекеттік органдар реттеушілік мақсаттарда пайдаланады.

Бұл ретте, практиканы негізге ала отырып, бүгінде эмитенттердің барлығы бірдей кредиттік рейтингтер беру үшін халықаралық рейтингтік агенттіктерді тарту мүмкіндігіне ие бола бермейді.

Осыған байланысты, Жасыл қаржы орталығы кредиттік рейтингтің “ішкі” нарығын дамыту мақсатында рейтингтік және талдамалық қызметтер көрсететін компания құру мәселесін пысықтауда.

ESG рейтингтерін тағайындау әдіснамасын әзірлеу компания қызметінің бастапқы нүктесі болады. Алдағы уақытта Агенттік келесі қызметтерді көрсетеді деп жоспарлануда:

– Кредиттік рейтингтер беру;

– Зерттеу және талдау;

– Рэнкингтер.

Бүгінгі таңда жалғасып жатқан келіссөздердің қорытындысы бойынша негізгі серіктестер, сондай-ақ болашақ компанияның платформасы анықталды. Агенттіктің таныстырылымы ағымдағы жылдың маусым айында Astana Finance Days шеңберінде жоспарланып отыр.

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz
 

AIFC AI assistant