Visa Everywhere Initiative жартылай финалы Орталық Азияда өткізілді

23-24 мамырда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) Финтех Хабында Visa Everywhere Initiative байқауының жартылай финалы (бұдан әрі – VEI) өткізілді. Жартылай финалда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Сингапур елдерінен 34 команда қатысты. Финалға 21 команда өтті.
Барлық VEI қатысушылары Visa немесе оның серіктестерімен – банктермен, сақтандыру компанияларымен, ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, өздерінің әзірлемелерін және идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Байқаудың серіктестері Alfa Bank, Beeline, Centras Insurance, Halyk Bank, Wooppay, Forte Bank, KPMG, Kazpost, Al Hilal Bank және т.б. болып табылады. 
«Стартаптардан түскен өтінімдердің жартысы – бұл 1 жасқа толмаған жас компаниялардың өтінімдері. Бұл жас командалар мен стартаптар қаржылық индустрияны өзгертуге және жаңа қызметтерді жасауға тырысады екендігін білдіреді. АХҚО жағынан, біз инновацияларды тестілеу үшін финтех-құмсалғышта тіркелуге, ағылшын ортақ құқығы аясында жұмыс істеуге, біздің коворкингте тұруға, консалтинг және тәлімгерлікті қолдауға ұсыныс жасай аламыз. АХҚО-ның Финтех Хабын біз жас финтех-таланттары үшін тартымдылық орталығы ретінде дамытып жатырмыз», – деп атап өтті АХҚО-ның Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсаинов.
«Visa Everywhere Initiative жобасы әлемнің 75 елінде төрт жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді және осы жылы Орталық Азияда бірінші рет өткізгенімізге қуаныштымыз», – деді ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа аймағындағы Visa аймақтық бөлімшесінің аға вице-президенті және директоры Вера Платонова. – «Бұл бағдарламаны жаңа аймақта өткізген сайын, біз көптеген бизнес-мәселелерді шешетін, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеретін және жалпы инновациялық мәдениетке айтарлықтай әсер ететін төлемдер саласында керемет идеялармен дарынды стартаптарды тартуға тырысамыз».
VEI – Орталық Азияда алғаш рет АХҚО-мен серіктестікте өткізіліп жатқан финтех стартаптарына қолдау көрсетудің жаһандық Visa бағдарламасы. 1,5 ай ішінде, наурыз айының ортасынан бастап сәуір айының аяғына дейін, VEI байқауына қатысу үшін 93 өтінімдер қабылданды, олар қаржылық сауаттылықтан жасанды интеллектке дейінгі аймақтарды енгізген. Өтінімдерде идея кезеңіндегі жобалар, сондай-ақ дайын өніммен жобалар бар. Маусым айында командалар өздерінің жобаларын шілде айының басында АХҚО-дағы Astana Finance Days шеңберінде өтетін финалға дайындалу үшін тәлімгерлермен белсенді жұмыс істейтін болады.
Visa Everywhere Initiative алғаш рет 2015 жылы өткізілді және де осы уақытта бағдарламаға 4000 астам стартаптар қатысты, 220 финалистерге тәлімгерлік қолдау көрсетілді, ал 70 жеңімпаздарға жалпы сомасы 1 млн. АҚШ долларынан асатын сыйлықтар берілді. Бүгінгі таңда VEI стартап-жеңімпаздары 2,5 миллиард доллардан астам инвестицияны тартты.

 

Сұраулар:

АХҚО. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.
www.aifc.kz

Visa Inc. (NYSE: V) цифрлы төлемдер бойынша әлемдік көшбасшысы болып табылады. Біздің миссиямыз – тұтынушыларды, бизнесті және экономиканы жоспарлы түрде дамытуға мүмкіндік беретін ең инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру. Біздің соңғы жаһандық технологиялық желі VisaNet әлемдегі қауіпсіз және сенімді төлемдерді қамтамасыз етеді және секундына 65 мыңнан астам транзакцияларды өңдей алады. Виза «connected commerce» жылдам өсуі үшін катализатор болып табылатын инновацияларға үлкен көңіл бөледі, оған сәйкес кез келген қосылған құрылғы төлемдерді жүзеге асыруға қабілетті, демек, болашаққа кез келген адамға және барлық жерде қолма-қол ақшасыз әлемге айналдырады. Аналогтан цифрлық технологияға көшу кезінде Visa өзінің сауда маркасын, өнімін, сарапшысын, желісін және масштабын пайдаланады.

AIFC AI assistant