Жасыл ипотека – Қазақстанды декарбонизациялауға үлес
2023 жылғы қаңтар айынан бастап Ұлттық ESG клубының тең құрылтайшыларының бірі болып табылатын «Отбасы Банк» АҚ «Жасыл ипотекаға» өтінімдер қабылдауды бастайды. Бұл экономиканы декарбонизациялауға бағытталған тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін Қазақстандағы алғашқы ипотекалық бағдарлама. Бұл бағдарламаның тұжырымдамасы өткен жылдың қазан айында Ұлттық ESG Клубы ұйымдастырған ESG Investment Forum (3 қазан, 2022 ж.) алаңында таныстырылды.
Жасыл ипотека ғимараттарды бағалаудың экологиялық жүйесіне – «жасыл құрылысқа» сәйкес келетін тұрғын үй сатып алу кезінде әрекет етеді, бұл құрылыс салушының қауіпсіз және экологиялық материалдарды пайдалануын, суды үнемдейтін және энергияны үнемдейтін технологиялар мен шешімдерді қолдануды, сондай-ақ құрылыс салушының жақын маңдағы аумақты көгалдандыруын және қоқыстарды жоюды ұйымдастыруды көздейді.
Тұтастай алғанда, «Жасыл ипотека» несиенің төмендетілген мөлшерлемесі есебінен энергия тиімді тұрғын үй салу және сатып алу үшін ынталандырулар жасауға және сол арқылы Қазақстан экономикасының көміртегі ізін төмендетуге және декарбонизациялауға ықпал етуге бағытталған.
Анықтама:
Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.
Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz