Еуразиялық даму банкі Қазақстан нарығында алғашқы болып БАӘ дирхамдарындағы облигацияларды шығарды

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Astana International Exchange (AIX) биржасында өзінің БАӘ дирхамдарындағы облигацияларының шығарылымын сәтті орналастырып, Қазақстандағы дирхаммен шығарылған облигациялардың алғашқы эмитенті атанды. Орналастыруға ҚР мен БАӘ банктерін, қорларын, брокерлік және инвестициялық компанияларын қоса алғанда, әртүрлі инвесторлар қатысты. Орналастырудың лид-менеджері Freedom Finance Global компаниясы.
Айналыс мерзімі үш жыл және купондық жылдық мөлшерлемесі 6.5% болатын БАӘ-нің 185 миллион дирхам сомасындағы облигациялар шығарылымы Қазақстан және Орталық Азиядағы инвесторлар үшін валюталық құралдар таңдауын кеңейту жолындағы маңызды қадам. Бұл – ЕАДБ-ның 700 миллион дирхам көлеміндегі бағдарламасының алғашқы шығарылымы, сонымен қатар Банктің қаржыландыру көздері мен құралдарын әртараптандыру бойынша дәйекті стратегиялық бағытының дәлелі.
Облигациялар AIX биржасында букбилдинг арқылы орналастырылды және тек кәсіби инвесторларға ұсынылды. Кәсіби инвесторлардың дирхамға деген қызығушылығы артып келеді. Аталған валютаның бағамы АҚШ долларына бекітілген. Доллармен жұмыс істейтін инвесторлар дирхаммен есеп айырысуды валюталық хеджированиесіз жасай алады, яғни, қосымша транзакциялық күрделіліктердің алдын алады.
Қазақстанда БАӘ дирхамдарымен шығарылған облигациялардың алғашқы орналастырылуы Банктің қатысушы мемлекеттері үшін қаржы нарығының мүмкіндіктерін кеңейтудегі ЕАДБ рөлін көрсетеді. Мәміле инвесторлардың валюталық әртараптандыруға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын көрсетеді және Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосады.
ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Иманғалиев:
«Біз бас кеңсеміз орналасқан Қазақстанда БАӘ дирхамдарында облигациялар шығаруды бірінші болып жүзеге асырғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің қаржылық инновацияларды дамытуға және аймақтық капитал нарықтарын тереңдетуге деген ұмтылысымыздың дәлелі. Бұл мәміле инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, Банктің қатысушы елдері мен негізгі әлемдік қаржы орталықтары арасындағы, әсіресе Парсы шығанағы мемлекеттерімен экономикалық байланыстарды нығайтады. Түрлі инвесторлар тарапынан тұрақты сұраныс ЕАДБ-ның қаржылық сенімділігіне және қазақстандық нарықтың әлеуетіне деген сенімді растайды.»
AIX Басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова:
«Бұл айтулы шығарылым Қазақстан аумағындағы БАӘ дирхамдарымен шығарылған алғашқы облигация болды, осылайша жергілікті капитал нарығында валюталық әртараптандыруды кеңейту жолындағы маңызды қадам жасалды. Бұл шығарылым инвесторлардың жаңа валюталардағы құралдарға деген қызығушылығының артуын көрсетеді және AIX-тің инвесторлардың да, бизнестің де заманауи сұраныстарына жауап беруге бейілдігін растайды.»
Справочная информация:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ ақпарат: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) — Еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын көпжақты даму банкі. ЕАДБ 18 жылдан астам уақыт бойы мүше елдердің жан—жақты дамуына және экономикалық байланыстарын нығайтып, кеңейтуге ықпал етіп келеді.
2025 ж. ЕАДБ—нің жинақталған инвестициялық портфелі 16,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 305 жобадан тұрады. Банк портфелінің негізгі бөлігін көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар құрайды.
ЕАДБ өз қызметінде БҰҰ—ның Тұрақты даму мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.