AFSA ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленген Нақты болу қағидаларына арналған нұсқаулықты бекітті
AFSA корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушылары үшін Нақты болу қағидаларына арналған нұсқаулықты бекітті. Нұсқаулық Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленді.
Нұсқаулық үш міндетті талапты нақты анықтауға бағытталған: негізгі табыс әкелетін қызмет түрлері, операциялық шығындардың жеткілікті көлемі және білікті қызметкерлердің тиісті саны. Бұдан басқа, құжат АХҚО қатысушылары ұсынуы тиіс жобаның экономикалық негіздемесінің тәртібін және оны берудің соңғы мерзімін айқындайды.
Бұл маңызды құжат Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Зиянды салық тәжірибесі форумында (FHTP) қаралып мақұлданды. Құжатта нақты болу қағидаларында көрсетілген талаптарды қалай орындау керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар бар. Нұсқаулық АХҚО қатысушыларына салық декларацияларын толтыруда сенімділік береді, сондай-ақ АХҚО ашықтығын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін одан әрі нығайта түседі.
AFSA мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нақты болу қағидаларын 2021 жылдың желтоқсанында қабылдаған болатын. Қағидаларды қабылдау АХҚО-ның салықтық ашықтықтың жаһандық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және зиянды салық тәжірибесі шеңберінде АХҚО юрисдикциясын пайдалануға қарсы іс-қимылға маңызды қадам болып саналады.
2017 жылдың қаңтарында Қазақстан ЭЫДҰ/G20-ның Инклюзивті негіздемелік бағдарламасына яғни салық салынатын базаны бұлдырату және салық салудан түскен пайданы шығаруға (BEPS) қарсы іс-әрекетіне мүше болып қосылды. Оған сәйкес зиянды салық тәжірибесіне қарсы стандартты қоса алғанда, ЭЫДҰ-ның 5 қолданыста болатын іс-әрекетінің кемінде төртеуін сақтау қажет. Аталған талапқа сай болу және салық салынатын базаның бұлдыратуына жол бермеу және салық салудан түскен пайданың бөлініп кетуін болдырмау үшін АХҚО Нақты болу қағидаларын енгізген болатын.
Анықтамалық ақпарат:
ЭЫДҰ-ның зиянды салық тәжірибесі форумы (FHTP) 1998 жылы құрылғаннан бері преференциялық режимдерге шолулар жүргізіп келеді, бұл режимдер басқа юрисдикциялардың салық базасына зиян тигізу мүмкіндіктерін анықтайды.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45