Шеврон және ТШО Қазақстанда дауларды шешу үшін АХҚО төрелігін таңдайды

Халықаралық төрелік орталығына (бұдан әрі – ХТО) Шеврон және «Теңізшевройл» ЖШС компанияларының, қазақстандық және британиялық филиалдардың заңгерлері және құқық департаментінің басшылығы келді. Шеврон – көпұлтты энергетикалық корпорация, ол  Қазақстандағы ең ірі халықаралық инвестор және Қазақстандағы аса ірі мұнай өндіруші компаниялардың бірі – «Теңізшевройл» ЖШС-ның әріптесі болып қалуда.

Бірқатар келіссөздерден кейін Шеврон және «Теңізшевройл» ЖШС компанияларының қазақстандық кеңселері ХТО-ны коммерциялық дауларды шешу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Осы компаниялардың Қазақстан бойынша үлгілік келісімшарттарының барлығына тиісті ескертпелер енгізілетін болады. Бұл шешім Қазақстанда жұмыс атқарып жатқан ірі компаниялар арасында ХТО мен АХҚО Сотына дауларды шешу саласындағы нөмірі бірінші таңдау ретінде сенімділіктің арта түскендігін көрсетеді.

АХҚО-да азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін үздік халықаралық стандарттарға сәйкес әрекет ете отырып, ХТО сот талқылауының тәуелсіз, үнемді және жедел баламасы болып табылады.

ХТО-ның іс-тәжірибесі мол, көрнекті халықаралық төрешілер мен медиаторлардан тұратын өз командасы бар, олар тәуелсіз, бейтарап болып табылады және адалдық қағидаттарын ұстанады. ХТО тараптарға олар өз дауларын шешу үшін пайдалануды қалайтын қағидалардың және процедуралардың барынша икемді таңдауын ұсынады. ХТО-да немесе басқа бір жерде төрелік және медиациялық талқылауларды өткізу үшін төрешілер мен медиаторлар тағайындауда ХТО көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасында ХТО-ның төрелік шешімдерін мойындау және орындау  Қазақстан Республикасында төреліктер шығарған төрелік шешімдерді мойындаумен және орындаумен бірдей тәртіпте және сондай шарттармен жүзеге асырылады. ХТО-ның төрелік шешімдеріне атқарушылық парағын АХҚО Сотында алуға болады.  Сонымен қатар ХТО-ның төрелік шешімдері де 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес халықаралық деңгейде атқаруға жатады.

ХТО ең озық ІТ-жүйемен жабдықталған және ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан конференц-залдардан, отырыстар мен тыңдаулар өтетін залдардан тұратын тұрақты жұмыс істейтін әкімшілік объектілерді ұсынады.

ХТО өтініштер беруге, әкімшіліктендіруге және тыңдаулар өткізуге 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін төрелік алымдар алмайды. 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін  қол қойылған, ХТО-ның дауларды шешу бойынша ескертпесі бар келісімшарттың барлық тараптары осы келісімшарт шеңберінде туындаған дауларды ХТО-да шешу процесін әкімшіліктендіру қызметтерін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін және одан кейін ақысыз негізде алуға құқылы болады.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, ХТО Тіркеушісі және аппарат басшысы былай деп түсіндірді:

«Біз Шеврон және «Теңізшевройл» компанияларының ХТО-ны өздерінің бизнес-келісімшарттарына қосу жөніндегі шешімін қолдаймыз.  Біз Қазақстандағы аса ірі мұнай корпорацияларының бірінің бұл шешімі Қазақстанның, сонымен қатар Орталық Азияның нарығына олардың ХТО-ға, оның коммерциялық дауларды аса жоғары халықаралық стандарттарға толық сәйкестікте тиімді, үнемді және тез шешу қызметтерінің сапасына толығымен сенім арта алатындықтары және сенім артулары тиістігі жөнінде айқын белгі береді деп сенеміз.»

Самат Әженов, «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы кеңесшісі:

«Біз ХТО-мен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Заңның үстемдік құруы қағидатын қуаттау, аса жоғары халықаралық стандарттар, икемділік, беделді төрешілер – біздің осы Орталықты Қазақстанда коммерциялық дауларды шешу үшін тиімді нұсқа ретінде таңдауымызға негіз болған басты факторлар осы».


 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған.  АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру.

АХҚО міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады www.aifc.kz

АХҚО соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.

АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделілігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа  болмашы даулар соты кіреді.

АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізбейді және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін ерекше  юрисдикцияға ие. Сонымен қатар АХҚО соты тараптардың келісімімен АХҚО сотына  берілген дауларды қарай алады. https://court.aifc.kz/

AIFC AI assistant